Берекелі отбасы

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_17_172024-7.jpg

Көпұлтты отбасы – бірнеше мәдениеттердің тоғысатын ұясы.
Елімізде мекен еткен 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің арманы бір. Тілі басқа болса да, тілегі бір. Ол - Мәңгілік елдің тұрақтылығы мен бірлігі, тыныштығы. Осындай ортақ тілектің болуына әртүрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында ғұмыр кешуі себеп. Баимбетовтер отбасының ортақ арманы да - осы. Тобыл кентінде тұрып жатқан Баимбетовтер отбасыда үй иесі Баимбетов Талгат Сагандыкұлы ұлты - қазақ, зайыбы - Екатерина Петровна – орыс. Олар осы Тобыл кентінде туып өскен. 2006 жылы отбасылы болған. Балалары Рустем мен Тимурда осы бірлігі жарасқан отбасында ер жетіп келеді.
- Бір-біріміздің мәдениетімізге үлкен қызығушылықпен қараймыз. Сонымен қатар отбасылық дастарқан үстінде бәрімізді байланыстыратын түрлі ұлттың тағамы қойылады. Бауырсақ шелпек пісіріп, қазақша ет асып, блины қойып, жұмыртқада бояймыз. Мұсылман және хрестиан мейрамдарды бірдей тойлаймыз. Менің ойымша, түсіністік, сыпайылық болған жерде, отбасында береке болады. Бұл тұрғыдан ата-аналарымызға алғысымыз шексіз. Олар бізді кішкентайымыздан татуластыққа, ибалы болуға баулыды. Жанұямызда әр ұлтқа сыйластықпен қарау қалыптасқан. Әр кісіге ұлт тұрғысынан емес, бірінші кезекте оған адам ретінде қараймыз», - дейді Екатерина.
Түрлі мәдениеттің бір-біріне игі ықпалы имандылық пен парасаттылық, тектілік пен зиялылық арқылы адамзат өркениеті ілгері басатыны анық.
Баршамызға Қазақстанның азаматы ретінде тең құқық берілген. Бәрімізге де жоғары білім алып, лауазымды қызметке тұруға барынша жағдай жасалған. Сондықтан еліміздің жан-жақты дамуына өз үлесімізді қосу парызымыз. Өйткені, біз бейбітшілік бесігінде тербелген Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане