Ауылдарға көшпелі концерттер жалғасуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_18_182024-5.jpg

Облыс әкімі бекіткен KPI бағдарламасын іске асыру аясында аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінің өнерпаздары көркемөнерпаздар ұжымдарының, мәдени-демалыс ұйымдары күштерімен ауылдық елді мекенге көшпелі концерттер беріп, өнерді рухани дамытуда.
Бейімбет Майлин ауданы Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Қамысты ауданына, Арқа ауылына, Жітіқара ауданы Пригородное ауылы және Николаевка ауылына барып, концерт қойды. Концерт бағдарламасы қызықты әрі алуан түрлі болды. Көрермендердің назарына түрлі жанрдағы музыкалық нөмірлер ұсынылды. Көрермендер өнерпаздардың өнеріне ыстық ықыласы мен қошемет көрсетіп, алғыстарын білдірді.
Біздің ауданда көрші ауылдарға көшпелі концерттер беру жалғасуда, солардың бірі Май ауылының көркемөнерпаздарының Тобыл кентіне шығуы болды. Көрермендер қонақтардың өнерін жылы қарсы алып, қошемет көрсетіліп, жылы сөздер айтылды. Тұрғындардың жауаптылығы мен қызығушылығының арқасында әр концерт көрермендер үшін де, әртістердің өздері үшін де нағыз мерекеге айналуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр ауылдық округте өнерпаздарды бірдей, дәлірек айтсақ, жылулық пен қошеметпен қарсы алып, шығарып салады. Өйткені, өнерпаздар өз шеберліктерімен ғана емес, рухани жылулықтарымен де шын жүректен бөліседі. Мәдени қызметкерлердің айтуынша, мұндай іс-шаралар өнер ұжымдарының шығармашылық алмасуына және жаңа адамдармен танысуға көмектеседі, ал жас өнер мамандары үшін бұл тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане