Ынтымағымыз арта берсін!

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_18_182024-7.jpg

«Бірлік – береке, ынтымақ – ырыс» деп білген халқымыз қай заманнан да татулықты ту етіп келеді. Өткен ғасырда тағдыр талайымен тар жол тайғақ кешіп, қазақ даласын паналап келген өзге ұлт өкілдерін өзекке теппей, өз бауырымыздай құшақ ашып, қол ұшын создық. Осы тұтастық бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құндылығына айналды. Сондықтан татулықты сақтау бізге жүктелген бабалар аманаты десек, артық емес.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде «Қазақстан- ынтымағы жарасқан» атты мерекелік іс-шара өтті. Жыл сайын 1 мамырда өзге ұлт өкілі береке мен бірлікте өмір сүріп жатқандығын атап өтеміз. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын. Ынтымағымыз арта берсін!
Мерекелік кеш бір шаңырақ астына шоғырланған өнер иелерінің мың бұралған биімен басталып, әсем әндермен жалғасты. Тобыл кенті әкімі Б.Есмағамбетов өз сөзінде ауызбіршілік пен түсіністік, сыйластық салтанат құрған жерде нәтижелі істердің болатынын айта келе, бірлігі бекем елдің іргесі мықты, әрқашан болашағы жарқын болатынын жеткізді.
Еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстар арасындағы ынтымақ пен бірлікті, келісім мен достықты дәріптейтін ең салтанатты мерекенің маңызы мен мәні ерекше. Біз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Туған жердің төсінде, бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане