Қос ғасырдың куәгері, тыл ардагері Аягөз ана

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_18_182024-10.jpg

Ұлы Отан соғысы жылдары әр шаңыраққа оңай соқпағаны анық. Бір отбасының отағасы, енді бір отбасының 18-ге де толмаған баласы қан майданға аттанды.
Соғыс жылдары тылда еңбек еткен ардагер Тобыл кенті тұрғыны ардақты тұлға, тыл ардагері, ана -Акимбаева Аягөз сөйлесіп, қиын кезеңдегі естеліктері туралы айтты. Ол 1931 жылы туған. Биыл 93 толады. Туған жері Комсомол ауданы Өрнек кенті. Кішкентай кезінде анасынан айрылған. Әкесі соғысқа аттанып, хабарсыз кеткен. Әжесінің колында өскен. Қос ғасырдың куәгері – ел басына күн туғанда ерлікпен еселі еңбек етіп, елдің алғысын арқалаған. Ашаршылық, жоқ кездер, бәрін өткеріп, екінші дүние жүзілік соғыс – ел басына күн туған заманда кейіпкеріміз қол қусырып отырған жоқ. Қара жұмысқа жегіліп, саналы ғұмырын бүгінгі толқынның болашағына сарп еткен қария. Төрт сыныптан кейін, жұмыс істеп кеткен. 12-13 жасында егіннің қалған масақ жинаған. Өгіз жегіп жер жыртқан. Үй шаруашылығына көмектесіп, далада нан көмген. Әжесінде өзінің бес баласы болған. 5 жасында анасынан айрылған Аягөзбен ағасын әжесі қолына алып тәрбиелеген. Жасынан еңбекқорлығымен ерекшеленген Акимбаева Аягөз қара жұмысқа жегіліп, 23 жыл сауыншы болған. 30 шақты сиырды қолмен сауған. Алдыңғы қатарлы сауыншы болып газет беттеріне шыққан. Тыл ардагері Аягөз анамызда 7 бала: екі ұл, бес қыз. 17 немерелері мен 17 шөберелері бар. Қос ғасырдың куәгері бүгінде ұл-қыздарыны, немере шөберелерінің қадамына марқая қарады. Көз алдындағы сәтті бақытқа балайды. Қарияның самайындағы әжім мен алақанындағы әрбір тарам, талай тарих пен көненің кереғар кездерін еске салады. Уақыттың Ұлы көшін ұмытуға мүмкіндік бермейді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане