Менің атам - ел қорғаған батыр

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_18_182024-11.jpg

Кешегі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске биыл 79 жыл толып отыр. 1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Сол сұрапыл соғыс жылдары уақыт өткен сайын ұмытыла бастағанмен, оның қасіреті мен жарасы әлі күнге дейін жазылар емес.
Менің атам Байшоқанұлы Ділдәбек те Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Атам-Байшоқанұлы Ділдәбек Қостанай облысы Амангелді ауданы Байғабыл ауылында 1914 жылы тамыз айының үшінші күні қарапайым отбасында дүниеге келген.
1941 жыл.Маусымның 22-сі. Жаздың ыстық күні. Осындай жайма шуақ күнгі тыныштықты соғыс өрті бұзып,ашық аспанды соғыс бұлты торлаған. Бұл кезде менің атам 27 жасар сері жас жігіт еді.Осы сәттен алаңсыз өмірден тыныштық кетіп, ерлердің барлығы жаппай майданға аттаныпты, олардың ішінде менің атамда солдаттармен бірге жеңіске жетудің жолында кеудесін оққа тосты.1941-1945 жылдардың арасында жүрген Ұлы Отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін елге оралысымен атам бейбіт өмірге араласып, еңбек жолын бастады. Мал шаруашылығы,шөп шабу,тері илеу т.б жұмыстарымен айналысты. Соғыста көрсеткен ерең ерлігі үшін атам «Еңбек ардагері» орденімен, Совет үкіметінің медальдарымен марапатталды. Мен өз атамды ел қорғаған батыр ретінде қадірлеймін, әрі достарымның алдында мақтан тұтамын. Менің атам сияқты отансүйгіш ел азаматтарының арқасында біз неміс фашистерімен болған соғыста жеңіске жеттік. Қазірде бейбіт өмір сүріп отырғанымыздың өзі - аталарымыздың арқасы деп ойлаймын.
Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Батырларымызға мәңгілік тағзым ету, ардагерлерге қамқорлық көрсету, халықтың ынтымағы мен тұтастығын сақтау – біздің қастерлі борышымыз. Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын!
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игілік пен бақ-береке тілеймін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане