Медицина қызметкерлері - адам өмірінің сақшысы

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_24_242024-6.jpg

Жаздың жайма шуақ күндерінде аталынып өтетін меркелер аз емес. Соның бірі Медицина қызметкерлері күні. Аталған күнде мыңдаған дәрігерлер, дәрігерлік салада жұмыс істейтін қызметкерлер бұл мерекені ерекше күткен еді.
Бұл күнде халықтың өзі дәрігерлерге деген ерекше ықыластарын жасырмай, өз алғыс тілектерін білдіреді. Әрине, аса жауапкершілікке толы дәрігер мамандығын игеру үшін көп еңбек ету қажет. Дәрігер боламын деген адам ең алдымен өз халқының жанашыры және адамгершілік қасиеті басым болуы керек. Дәрігер – әлемдегі ең қасиетті мамандықтардың бірі. Олардың ерең еңбектері шексіз. Нағыз құрметке лайықты тұлғалар.
Приозерный медициналық пункт - бұл ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық мекеменің құрылымдық бөлімшесі, тұрғындарға медициналық көмекті қол жетімді етеді. Медициналық пункт Приозерный бастауыш мектебінің қабырғасында орналасқан. Балалар, акушер және емшара кабинеттері бар. Мұнда медицина қызметкерлері медициналық пункт меңгерушісі Лисица Людмила Васильевна, балалар медбикесі Артемчик Лариса Николаевна , ал скорый машинасының жүргізушісі Нурмухамбетов Амангельды Толеович еңбек етеді. Олар халыққа дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, дәрігердің тағайындауларын дер кезінде және толық көлемде орындау, балалар мен жүкті әйелдерді патронаждау, бекітіліп берілген ауыл халқының және санитарлық-гигиеналық алдын алу іс-шаралар жүргізіп, тұрғындарды скринингтік бағдарламалармен қамту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, балаларды уақтылы вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Медициналық пункт меңгерушісі, медбике Лисица Людмила Васильевна 38 жыл осы салада қалтқысыз қызмет етіп, халықтың орасан зор алғысына ие болған ақ халатты абзал жан. Медициналық көмекті ауылдың 231 тұрғыны ала алады, оның 46-сы зейнеткерлер.
Заман талабына лайықты өмір сүру үшін жалпы жұртқа сапалы медици­налық инфрақұрылым ауадай қажет. Ардақты ақ халатты абзал жандар! Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер. Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане