Аға буынға лайықты құрмет

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_24_242024-4.jpg

Теміржол желілік полиция ардагері Ермеков Амангелді Ермекұлы Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрі бұйрығымен «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
1944 жылы 2 қаңтарда Қостанай облысы, Таран ауданы, Елтай кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1961 жылдың маусымынан бастап, Аманқарағай совхозында тракторшы,1963 жылы Увальненский разъезінде посттық бағыттаушы, 1964 жылы Рассвет астық совхозында жұмысшы,1965 жылы Викторовский астық совхозында жұмысшы, жүргізуші болып жұмыс істеді. Ал, 1967 жылдың желтоқсанынан бастап, 1994 жылдың желтоқсанына дейін ішкі істер органдарында қызмет үздіксіз 26 жыл 11 ай 22 күн қызмет етті. Наурызбек Бисенов Тобыл станциясындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы:
– Ермеков Амангелді Ермекұлы – біздің құрметті ардагеріміз. Ол – жас қызметкерлер үшін үлгі. Қарияны назардан тыс қалдырмаймыз. Әрдайым мереке қарсаңында құттықтаумен келеміз, кез келген мәселесін шешуге көмектесеміз.
Ардагер Ермеков Амангелді Ермекұлы өз кезегінде төсбелгі тапсыруға келген қонақтары Желілік полиция бөлімінің басшысы Н.Бисенов пен ардагер Даут Утегеновқа алғыс айтып, батасын берді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане