Мемлекеттік қызмет - жауапты міндет

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_25_252024-14.jpg

Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі аса маңызды екендігін көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір.
Жалпы мемлекетіміздің өсіп өркендеуіне жаппай ат салысып жүрген жас мемлекеттік қызметкерлердің бірі Досмухамедова Айнур Талгатовна. Ол №1 Тобыл жалпы білім беретін мектепте оқыған. Қостанай қаласындағы Зулкарнай Алдамжар әлеуметтік-техникалық университетінің бизнес және басқару кафедрасының түлегі. Мамандығы - қаржыгер. 2023 жылы жас мемлекеттік қызметші мектебінен өтіп диплом алды. Айнур Талгатовна бірден Мемлекеттік қызметкер болып жұмыска орналасты. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы болып еңбек жолын бастаған. Туған ауылына осы жылдың наурызында Тобыл әкімдігіне мемлекеттік қызметке орналасты. Мемлекет мүддесі үшін қызмет етіп жүргенін де мақтан тұтады.
- Өз ауылын көркейту, әр адамның өз қолында және оған білек сыбана кірісу керек. Тікелей міндетім өтініштермен жұмыс, жер мәселесі бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсету, ішкі саясат жұмыстарымен айналысады. Бұл да зор жауапкершілікті талап етеді. Басқа қызметке қарағанда мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі аса зор. Өйткені сен мемлекет алдында адал қызмет етуге ант қабылдайсың.Біздің ұжымымыз өте ұйымшыл, тәжірибелі мамандардан құралған.
Ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Болашақтың кілті, елдің ертеңі – білімді жастар. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өзінің орнын табуы ең өзекті деген мәселелердің қатарында екені белгілі. Сол себепті қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастарға қолдау көптеп жасалуда. Рас, адам талаптанса алынбайтын асу болмайды. Сол себепті де кейіпкеріміздің болашақта өз мамандығының майталманы боларына кәміл сенеміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане