Полиция ардагері

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_25_252024-16.jpg

Полиция ардагері Бондарь Петр Александрович – ел тыныштығын сақ­тау­да қажырлы еңбек еткен, бүгінде құрмет төріндегі зейнеткер.
Аға сержант Петр Александрович 1974 жылы шілдеде ішкі істер органдарына қызметке орналасып, Тобыл полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы болып жұмыс атқарды. 1974 жылы күзде Павлодар қаласы милиция мектебіне учаскелік инспектор мамандығын оқыды. Оқуын аяқтағаннан кейін Тобыл кентіне қызметке келді. Петр Александрович учаскелік полиция инспекторы, күзет бөлімінің бастығы, соңғы уақытта Тобыл кенттік полиция бөлімшесінің паспорт үстелінің бастығы болып жұмыс істеді. Барлық еңбек жолы Тобыл кентінде өтті. Қызметін милиция майоры атағымен аяқтады.
- Мен Котик Петр Никифорович, Петрс Виктор Владимирович, Кошек Михаил Андреевич сияқты тәжірибелі қызметкерлерінің басшылығымен жұмыс істедім. Көп тәжірибе жинадым.Одан әрі сауатты милиция қызметкерлері Витвицкий Виталий Иванович, Искаков Қамбар Қанатұлы, Молдабаев Бауыржан Мұхамбетжанұлы, Айсин Сұлтан Есщанұлы және басқа да көптеген қызметкерлерімен Таран аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істедім. Біз күндіз-түні Тобыл кентінде қылмысты ашу және құқықтық тәртібін қамтамасыз ету жұмыс істедік. Мен КСРО ыдырауының ауыр жылдары мен Қазақстан мемлекетінің Тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңінде 1997 жылы зейнетке шықтым. Осы жасқа келгенге дейін соңымыздан көптеген мықты кадрлар ерді. Тәлімгер болып, білікті мамандардың өсуіне, қызметті адал атқаруына үлес қостық. Аға буын өкілі ретінде бөлім басшылығы ардақтап, құрметтейді. Ең бастысы халықтың тыныштығы үшін аянбадық. Талай қылмыстың алдын алдық, дер кезінде ашылуына атсалыстық. Ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес жөніндегі осы қиын жұмыста баршаңызға табыс тілеймін. – дейді ардагер Бондарь Петр Александрович.
Аға буын өкілдеріне қашанда құрметіміз жоғары. Ардагерлердің ақыл-кеңесі артық етпейді. Олардың тәжірибесі қазіргі жас кадрларға өте қажет. Полиция қызметінде сала ардагерлері қоғамнан тыс қалмайды, оларға қамқорлық таныту, сый-құрмет көрсету парыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане