Жастарға арналған мүмкіндіктер

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_25_252024-6.jpg

Бағдарламаның негізгі мақсаты және міндеті ауылдың қалыпты тіршілігін және ауыл-аймақтың әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың сапалы қызметін көрсету, ауыл-аймақты тұрақты дамыту, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген сала мамандарын ынталандыру. Алған білімін ауылды жерлерді көркейтуге жұмсаған кез келген жас маманға мемлекет тәуір қолдау көрсетуде. Бір реттік жәрдемақыдан бөлек, үйлі болуға мүмкіндік бар.
Турсынбаев Асет Кұдабайұлы- Тобыл кенті дәрігерлік амбулаториясының жалпы практика дәрігері, кәсіби қызметін 2019 жылдан бастады, ал 14 шілде 2022 жылдан бастап Тобыл селолық амбулаториясында жұмыс істей бастады.
Осы Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданына арнайы «Дипломмен ауылға» атты бағдарлама бойынша , жұмысқа шақырылып , кәсіби ісімді бастадым, облыстан көмек ақша , ауданнан 100МРП көтерме комекақша алдым, және де пайызсыз несие мен үй алуға қол жеткіздім. Отбасылы, жолдасы Захырова Жарқынай, мамандығы дәрігер терапевт, ұлы Әділет және 2023 Ақниет қызы бар.
- Қазақта айтады ғой әкеңнің туылған жері сенің шыққан мекенің деп, кезінде Түркіменстан жеріне қоныс аударып кеткен Адай руынан шыққан жайым бар, жалпы орта мектебінде білім алып, өз күшіммен грантқа оқуға Карағанды мемлекеттік медицина университетіне түстім 2012жылы, 2021 жылы резидентураны «отбасылық медицина» мамандығын бітіріп, жұмысқа Қостанай облысы , Бейімбет Майлина ауданының аудандық аруханасына жұмысқа орналастым. Дипломмен ауылға бағдарлама жастарға ең тиімділігі ол жергілікті аудан ауылға жұмысқа кірісе отырып, баспаналы болуға мүмкіндік береді, жас мамандарға өздеріне деген сенімділікті , жауапкершілікті арттырары анық. Еш өкінбестен ауылдан қадам бастап , еңбек еткен маманның елдің ішінде болып тете араласып, халықты жақыннан тануы, ертеңгі күні ауыл жайлы түсініктің болуы маңызды. Алдағы уақытта еңбек тәжірибемді дәл осы ауылда жүріп дамытып, ауыл халқының денсаулығын жақсартуға өз үлесімді қосамын деген сенімдемін. Ал жас мамандарға ауылға келуге еш тартынбасын дер едім, қалалық жерге қарағанда ауылдық жерде тәжірибе жинау өте қолайлы деп айтқым келеді, - дейді жас дәрігер Асет Кұдабайұлы.
Бағдарламаға жас мамандар ғана емес, сол елді мекенде бұрыннан тұрып немесе қоғамның кез келген саласында жұмыс істеп жүрген кез келген азамат қатысады. Бұл жоба шалғайдағы елді мекенді көркейту үшін білікті мамандардың тұрақтап қалуына жағдай жасайды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане