Домбыра - қазақтың жаны

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_27_272024_8.jpg

Өзін өзі құрметтейтін кез келген халық – сол халықты халық етіп тұрған рухани құндылықтарын қадірлеуі керек.
Бұл – әлемдегі барлық халыққа тән парыз. Әлдилeгeн әнiнeн күмбipлeгeн күйiнe дeйiн тұнып тұpғaн ұлттық caнa-ceзiм бoяуы ciңгeн өнep құдipeтi, көнe acпaп – дoмбыpa. Домбыра аспабын ұлттық тәрбие құралы ретінде кеңінен қолдана отырып, аспапқа деген қызығушылығын арттырып, оқушыларды домбырада ойнауға үйретуде мектепте домбыра үйірмесі, ал өнер мектебінде домбыра сыныбының балаларға берері көп.
Тобыл өнер мектебінің оқушысы Қуантай Нұрайлым домбыра сыныбының биылғы түлегі. Ұстазы Асан Ануарбеков домбыраға келген жас бүлдіршіндерді домбырада үйретуде жалыққан емес. Оқушыларды пән мұғалімі ең алдымен мәдениеттілік пен эстетикалық тәрбиеге және тәртіпке үйретеді. Домбыра, вокал, би, сурет үйірмелерінде әр баланың бойына бейімділігіне байланысты қажетті қағидалар сіңіріледі. Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан олардың жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуы үшін біліммен қатар өнер және спорт үйірмелеріне қатысуын қамтамасыз ету әрбір ата-ананың борышы әрі парызы екендігі ақиқат. Нұрайлым өнерге қызығушылығы ертеден байқаған ата-анасы өнер мектебінің домбыра сыныбына оқуға берген. Домбыра тарта білген адамның мәдениетті, ой-өрісі кең, өнерді түсінетін адам болып өседі. Қазақтың домбырасының құдіреттілігі күшті, оны түсіне білген адам шын маманы болып, өздерін мойындата алады. Домбырамен орындалған әннің де, күмбірлеген күйдің де тұнып тұрған ұлттық тәрбие құралы ретіндегі рөлі өзгеше. Нұрайлым оқушылар айтысына қатысып, қөптеген жетістіктерге жетті. Мектепте де жарыстарға қатысып отырады. Жақында болған «Үкілі домбыра» акциясына қатысты. Болашақта мамандығын өнер саласынан таңдап отырға Өнер мектебінің домбыра сыныбының түлегі Нұрайлымға сәттілік тілейміз.
Бүгінгі күні ұлттық мұра-домбыраны өз алдына мейрам етіп тойлауымыз - ұлттық аспабымыздың абыройын биіктетті.Домбыраға деген қызығушылық әрі музыкалық аспаптың танымалдылығы ешқашан да тоқтаған емес. Бүгінде домбыраның құлағында ойнайтын жастар көп. Бұл қуантарлық жайт. Қaзaқ дoмбыpacының aбыpoйын, pухaни өpeciн, ұлттық бoлмыcтың aжыpaмac бөлiгi eкeндiгiн epeкшe түйciнiп-түciнe қaбылдaп, мәpтeбeciн биiктeтiп кeлeмiз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане