- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 11.07.2024 12:46
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 1028
Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы деп айтуға болады.
Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр. Ұлттық аспабымыздың бүгінде заманауи музыка өнеріне бейімделіп, дүние жүзінің сахнасында қазақ өнерін танытуға үлкен үлес қосуда. «Домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Өзіндік үні қайталанбас адам бойына рух беретін, ішкі жан дүниеңді әдемі нұрға бөлейтін домбыраның үніне жетер жер бетінде ешқандай аспап жоқ. Домбыраның киесі мен күй құдіретін жеткізіп, қасиетті қара домбыраны ұлықтау мақсатында Тобыл кентінің теміржол вокзалыны алаңында Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында Б.Майлин ауданы Е.Өмірзақов атындағы Мәдениет үйі, өнер мектебінің қазақ халық аспаптар ансамблі және Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйі өнерпаздары «Күмбірле, домбырам» атты концерт ұйымдастырды. Қойылымның басты көрермендері «Астана – Орал» пойызының жолаушылары мен күтушілері болды. Тыңдаушылар өнерпаздардың өнеріне зор қошемет көрсетті. Домбыра күніне орай, ұйымдастырылған шара барысында күмбірлете күй ойнаған жастар халық арасында кеңінен танымал күйлерді орындап, қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұлттық домбыра күні - Рухани жаңғырудың әдемі көрінісі. Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз.