- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 11.07.2024 14:04
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 1435
Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар еңбек етеді.
Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр. Қай кезеңде болмасын металлургия саласы мемлекеттің қуатын арттыруда маңызды орын алып келген болса, бүгінде де еліміздің индустрия саласында қозғаушы күш болып табылады. Осы саланың маман иелері батылдық және жоғары кәсіби біліктілікті меңгерген қасиет иесі ретінде бейнеленеді. Бүгінгі кейіпкеріміз Металургия саласының майталманы
Рудный қаласының тұрғыны Чатаев Мұрат Сейдуллаұлы. Мұрат Сейдуллаұлы «Варваринское» АҚ алтын алу және байыту фабрикасының ұнтақтау, ұнтақтау және флотациялау учаскесінің технологиялық операторы. Ол компанияда 16 жыл жұмыс істейді. Өндіріс серіктестік директорының Құрмет грамотасымен екі рет марапатталған.
- Металлург мамандығы мемлекеттің экономикалық әл-ауқаты үшін өте маңызды. Сондықтан осы саланың маманы күрделі жұмысқа, білім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын жоғары талаптарға дайын болу керек. Металлург мамандығы жауапкершілігі күшті, қиын мамандық. Нағыз еркектердің жұмысы. 16 жылдан астам уақыт бойы осында еңбек етіп келемін. Алғаш келгенде ағаларымыз ақыл айтып, жұмыстың қыр-сырын үйретті. Жұмыс ауысымды, вахтамен 15 күн жұмыс істеп, 15 күн демаламыз, оның 7 күн күндіз, 7 күн түнде еңбек етемін. Осы уақытта өзімізге тиесілі барлық тапсырманы орындаймыз. Өндірістегі жастарға көмек көрсетіп отырамыз. Металлургия саласында еңбек етіп жүргеніме өте қуаныштымын. Осы салада жүріп, еліміздің одан әрі өркендеуіне аз да болса өз үлесімді қосып жүргеніме бақыттымын. 15 шілде біздің дәстүрлі мерекеміз, сондықтан, барша қауымды, оның ішінде әрәптестерімді шын жүректен құттықтаймын.», - деді металлург Чатаев Мұрат Сейдуллаұлы.
Металлургиядағы табыс жұмысшы мен тәлімгердің ортақ жеңісі. Жас маман міндетті түрде тәжірибелі жұмысшылар үлгі алады, үйренеді. Мұнда бір адамның еңбегі барлық ұжым жұмысына әсер етеді. Жұмыс уақытынан бос кезінде ұжыммен бірге спортпен шұғылданып, волейбол, футбол ойнауға, тренажер залдарда шынығуға жағдай жасалған. Екі баланың әкесі Мұрат Сейдуллаұлы - тәжірибелі маман ұзақ жыл бойы металлургия саласында еңбек еткеніне еш өкінген емес.Қайрат пен жігер, биік жауапкершілік, болашаққа деген сенім еңбеккерлерінің жоғары жетістіктерге жетуіне негіз болуда.
Алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер, баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілейміз!