Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_32_322024-9.jpg

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтілуде.
Қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлы – ғұлама ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абайдың жүрегінен шыққан әрбір туынды – халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Жас ұрпақ үшін Абайдың өсиеттері мен өлеңі асыл қазына. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абай сөзі – қазақтың бойтұмары, Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Абайдың өмірге деген көзқарасын танып, рухани мұрасының парқын түсіну арқылы рухани жаңғырудың маңызын түсінесіз. Қазіргідей даму бағдарымызды болжап, жаһандану кезеңіне аяқ басқан шақта Абай салған сара жолмен жүру аса маңызды. Нағыз жаңғыру – Абай. Абайсыз рухани жаңғыру мүмкін емес. Ендеше, Абайдың рухани мұрасын танып, оның көрсеткен бағыт-бағдарымен жүрсек жаңылмаймыз. Ұлы Абайды дәріптеуде жыл сайын мектеп оқушылары арасында «Абай оқулары» өтіп, оқушылар Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, жеңімпаз атанып жүр. Абай күніне орай Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйі Тобол ауылдық және балалар кітапхана «Абайды оқы, таңырқа…» атты тағылымды іс- шара өтуде. Кітапхана «Абай мұрасы- ұлттың қасынасы» тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Мұндай іс шаралар оқырмандарға ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, жазбаша әдебиеттің негізін қалаушы данышпан ақынның жас буынды оқуға, өнерге баулиды.
Абай күнін атап өту жасөспірімдерді мектеп қабырғасынан бастап ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық сана-сезімді бойларына сіңіру, қазақ халқының төл мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде сақтап, бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан бала тәрбиесін Абай сөздері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане