Спорт - денсаулық кепілі

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_33_332024-7.jpg

Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт.
Бүгінде елімізде адам үшін осын­шама маңызға ие спортты дамытуға барлық жағдайдың жасалып жатқаны белгілі. Мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырған дене тәрбиесі мен спорт сияқты салаларды дамытуға қолда бар жағдайдың бәрі жасалып жатқанын атап өтпесе болмайды. Бұған дәлел ретінде еліміздің әр түкпірінде көптеп са­лынып жатқан спорт нысандарын, күнделікті өмірде халықтың саламатты өмір сал­ты­на ден қойып отырғанын айтуға болады. Тобыл кенті спорт кешенінің спорт нұсқаушысы Сергей Сергеевич Шевцовпен спорт саласында істелініп жатқан жұмыстарды мен жетістіктерді білу үшін әңгімеге тартқан едік.
- Баршаңызды Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесімен құттықтаймын! Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Бейімбет Майлин ауданының XXXV спартакиадасында аудан бойынша ерлер мен әйелдер баскетболдан бірінші орын, футболдан 1 орын, ал жалпы команда бойынша 2 орын алды. Ең үздік спортшыларды атап өтетін балсақ, олар Котлярова Камилла, Рыжов Евгений, Ахмет Бекнұр.-дейді Сергей Шевцов.
Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Бұл Қазақстан спортының әлемдік деңгейде дамығанын көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанда спорт күні 2003 жылы құрылып, тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі . Спорт күні спорт пен дене шынықтыруға, салауатты өмір салтына деген қызығушылықты дамытуға және оятуға арналған. Спорт адамды да, әлемді де өзгертеді. Оның құндылықтары адамдардың бірлігі мен ынтымақтастығы сонымен қатар бейбіт өмір сүруіне, денсаулық пен көңіл-күй деңгейін көтеруге қызмет етеді.
Мереке құтты болсын! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін! Спорт күні құтты болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане