Отан - шекарадан басталады

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_33_332024-8.jpg

18 тамыз – ел тыныштығы үшін күндіз түні күзетте тұрған шекарашылардың кәсіби мерекесі. Халқымыз үшін қастерлі ұғым болып саналатын, ата-бабадан қалған жерді қорғау, мемлекеттік шекараны күзету – үлкен абырой, маңызды жауапкершілік. Бүгінде Қазақстанның ұлан-ғайыр шекарасы шегенделген.
Бүгінгі шекарашы - өз Отанының патриоты, терең білімі мен жоғары адами қасиеттеріне ие. Тобыл теміржол шекара бекеті Ресейден Қазақстанға, Қазақстаннан Ресейге жолаушылардың жүктерін, қол заттары мен құжаттарын шекара бақылаудан өткізді. Шекарашылар арнайы техникалық құралмен, ведио камерлармен тексеріп, оқ-дәрі, есірткі заттарын шекарадан өткізбеудің алдын алу - негізгі мақсаты болып табылады. Қазақстан елінің тыныштығын күзетеді. Жеке құрамында Қостанай облысына жан-жақтан келген жігіттер мен қыздар қызмет жасайды. Шекара сарбаздарының заманауи ұрпағы өз міндеттерін лайықты орындайды, терроризмге, есірткі және қару-жарақ саудасына, контрабандалар мен табиғи ресурстарды тонауға сенімді тосқауыл қояды.Шекара қызметі жылдамдықты талап етеді. Мұнда әрбір сәт санаулы. Темірдей әскери тәртіпке нағыз ер азамат қана шыдай алады. Күннің батуы шекарада жұмыс күнінің бітуін білдірмейді. Керісінше, шекараны қырағы көзден сақтау жүйесі күшейе түседі. Кез келген уақытта дабыл қағылуы мүмкін. Сондықтан бес аспаптың сай болуы шекарашылар үшін маңызды. Шекара қызметінің Тобыл әскери бөлімі шекарашыларының біз үшін абыройы әр уақытта асқақ. Қасиетті қазақ шекарасы бүгінде асқан қырағылықпен күзетіліп келеді. Осы орайда шегенделген шекараны күзетуде үздіктердің үздігі жұмылдырылған. Тобыл теміржол шекара бекеті бүгінде өз жұмысын нәтижелі атқарып келеді. Оларға дәлел шекара шебінен күніне мыңдаған жолаушылармен толассыз өтуі. Шекарашылар күніне көптеген түрлі оқиғалармен тап келіп жатады. Шекарашылар Тобыл кентіндегі, аудандық, облыстық спорттық жарыстарға қатысып, жүлделерге ие болып жүр. Шекара қызметі жоғары сынып оқушылары үшін шекара шебінде экскурсия ұйымдастырып, осы арқылы жас өрен бір мезгіл шекара күзетудің қандай қиын екенін сезініп, сарбаз рухын сезінеді. Мұндай кездесулер кезінде күндіз-түні кірпік қақпай, өз қызметін абыроймен атқарған, ел шебін күзететін шекарашылардың жауынгерлік жетістіктерін насихатталады.
Сонымен қатар биылғы су тасқыны кезінде бір кісідей жұмылып, өз көмектерін көрсете білді. Еңбектерін бағалар Б.Майлин ауданы әкімінің Алғыс хатымен лейтенант Қуатбек Асылбек Қуатбекұлы, сержант Мукушев Бахитхан Аулиаханович, кіші сержант Имангалиев Салим Амандыкович, кіші сержант Ошақбай Саламат Андақұлұлы, ефрейтор Мусатай Ардак Сабитулы, ефрейтор Тарғынбек Мұхамед Қуандықұлы, қатардағы жауынгерлер Асқар Сағындық Мейрамбекұлы, Балтабаев Ельжас Базарбайұлы марапатталды.
Кұрметті шекарашыларды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз. Қазақстан еліне ашық аспан, жерімізге тыныштық, шекарамыздың берік болуын тілейміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане