Ата заңым-ардағым

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_36_362024-6.jpg

Тәуелсіз еліміздің тұғырының мықты, туының биік болуының мызғымас тірегіне айналған Қазақстанның Ата заңы қабылданған айырықша маңызы мол мереке қарсаңында Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде «Ата заңым ардағым» атты концерт өтті.
Тобыл кенті әкімі Б. Есмағамбетов мерекемен құттықтады. «Думан» Мәдениет үйі өнерпаздары, №2 жалпы білім беретін мектеп оқушылары, аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының өнерлерін көрермендер тамашалап, қошемет көрсетті. Тобыл селолық кітапханасы «Азат елдің ар намысы-Ата заң» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы және тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады.
Мемлекетіміздің мерейін асырып, мәртебесін өсірген Ата Заңды жүзеге асыру – республиканың әр азаматының белсенділігіне, ықыласына, құрметіне байланысты. Олай болса, Конституцияны ардақтайық, ұлттық келісім мен кемеңгерлік арқылы Отанымыз гүлдене берсін! Бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық және табыс тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане