Тобыл мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_36_362024-8.jpg

Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым.
Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген. 1 қыркүйек – әр адам үшін өміріндегі ең ерекше мерекенің бірі. Бұл күн оқушылар үшін жаңа белес пен тағы бір жетістіктің бастауы.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек –«Білім күні» мерекесінде Тобыл кентіндегі 3 білім ордаларында алғашқы қоңырау үні соғылып, 81 бүлдіршін мектер табалдырығын алғаш аттады. Таза киініп, қолдарына гүл ұстап, мектептеріне асыққан оқушыларды алтын ұя мектептері мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. 2024-2025 оқу жылының жаңа парағы ашылды. Білім күнін асыға күткен оқушылар сүйікті мектебімен, ұстаздарымен қайта қауышты. Әнұранмен ашылған алғашқы қоңырау салтанатты шарада мектеп басшылары барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді. Сонымен бірге, Ардагер ұстаздар және шаттыққа толы қуанышты күнге балдырғандарын жетектеп әкелген ата-аналар мерекелік лебізіндерін жеткізді. Мемлекет оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасауда. Білім ордасының тәжірибелі ұстаздары мен білікті мамандары оқушыларды білім нәрімен сусындататын болады.
Қымбатты оқушылар, оқу жылы сіздерді жаңа жетістіктерге жетелеп шабыттандыратын қызықты, танымды әрі тағылымды болсын деп тілейміз! Жаңа оқу жылы жемісті, мерейлі үстем жыл болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане