Тазалықтың барлығы өзі­міз­ден басталады

b_600_290_16777215_00_images___.png

Бүгінде Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген жұмыстар жүзеге асырылып келеді.
Елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Новоильин ауылдық округінде халыққа абаттандырудың жаңа қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әкімшілік мамандары хабарламалармен таныстырып, тұрғындарды үй жанындағы жер учаскесінде және оған іргелес аумақта тазалық пен тәртіпті сақтауға шақыру үшін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен таныстырды. Аумақты абаттандыру бойынша шөп шабу, қоқыстарды жинау, қоршауларды ақтау немесе бояу жұмыстары жүргізу бойынша үй-жайларды аралау жүргізілді. Сенбіліктерде оқушылармен және ересек тұрғындар, яғни 930 адам бекітілген аумақтар 267 мың м2 алаңды жинады. Іс-шараға округ жастарын тарта отырып, «Таза жағалау» акциясы өткізілді.

 

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_37_372024-11.jpg

 

«Первомайский щебзавод» ЖШС кәсіпорнымен жасалған меморандумға сәйкес Валериановка ауылындағы жолдарды себу үшін 370 тонна қиыршық тас қоспасы бөлініп, грейдерлік жұмыстар жүргізілді.
Новоильиновка ауылының көше жолдарын шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Чапаев және Совхозная көшелерінің қиылысындағы жол учаскесі жөнделді.
Валериановка ауылында "Первомайский щебзабод" ЖШС жалпы көлемі 60 текше метр болатын рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін жою бойынша жұмыстар жүргізді. Меморандум аясында Новоильиновка ауылындағы иесіз қираған үйлерді орнын тазарту бойынша жұмыс жүргізілді, «Ақтас» ЖШС 2 үйді, «Балғабаев» ЖШС 1 үйдің орнын тегістеп тазартты.
Ауылдық округте жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін тұрғындар және барлық нысандарының өкілдері күш-жігерді біріктіру қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін сақтауға және жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
2024 жылғы «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға үлкен үлес қосты. Акция барысында атқарылған жұмыстар мен көрсетілген нәтижелер табиғаттың жай-күйін жақсартуға бағытталған нақты қадам


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане