- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 27.09.2024 08:17
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 213
Атом энергетикасы төңірегінде алыпқашпа әңгіме де, нақты дәйекке негізделген тұжырым да алды-артымызды орап тұр. Арасынан ақиқатын ашып алу оңайға сірә, соқпайды. «World Nuclear News» (Дүниежүзілік ядролық қауымдастық) мәліметі бойынша, 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ-та 13 500 адамға онлайн-сұрау жүргізілген. Бәрі де атом энергетикасын айрықша қолдаған, әсіресе Польша, Франция, Швециядағы қолдау көрсеткіші өте жоғары болыпты. Таяуда «Financial Times» басылымы әлемнің ірі банктерінің ядролық энергетиканы қолдағаны туралы ақпаратты жария етті. Басылымның хабарлауынша, 14 ірі әлемдік банк пен қаржылық мекеме ядролық энергетикаға көрсететін қолдауларын арттыруға уәде беріп отыр. Бұл қадам атом электр стансаларының жаңа толқынын қаржыландыруға жол ашпақ делінеді мақалада. Нақтылап айтқанда, «Bank of America», «Barclays», «BNP Paribas», «Citi», «Morgan Stanley», «Goldman Sachs» 2050 жылға дейін әлемдік ядролық энергетика қуатын үш еселеуге уағдаласқан. Мұндай мақсат алғаш рет COP28 (БҰҰ-ның климат өзгерісі бойынша конференциясы) климаттық келіссөзінде айтылып, міндеттелді.