Атом энергетикасы: ғылым мен инновация өрісі АЭС еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруда айрықша маңызға ие. Ол тек энергия көзі емес, сонымен қатар медицинада кеңінен қолданылып, өндіріс пен өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді.

Атом энергетикасы: ғылым мен инновация өрісі

АЭС еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруда айрықша маңызға ие. Ол тек энергия көзі емес, сонымен қатар медицинада кеңінен қолданылып, өндіріс пен өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді.

Алғашқыда біздің институт ядролық физика, материалтану, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, радиохимия сынды бірнеше бағыт бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, кейбірінде қолданбалы зерттеулерге ауысты. Осы зерттеулер нәтижесінде медицина мен өнеркәсіп салаларына арналған радиофармацевтикалық препараттар мен радиоизотопты өнімдер шығаруды жолға қойдық. Қазір радиофармпрепараттармен Астана, Алматы, Семей, Шымкент қалаларындағы ауруханаларды өмірлік маңызды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатырмыз. Яғни елімізде өндіріліп отырған радиофармпрепараттың 90%-ын институт өндіреді.

Мәліметтерге қарағанда, Семейдегі Ядролық медицина орталығындағы науқастар 2028 жылдың соңына дейін йодтерапияға кезекте тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, биыл Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта қосымша 8 төсектік орын ашылады. 2025 жылы Алматыда тағы 5 төсектік орын ашу жоспарланған. Келесі жылы Ақтау, Қызылорда және Ақтөбе қалаларында ПЭТ/КТ диагностикалық ор­та­лықтарын ашу көзделген. 2026 жылы Қара­ғанды және Өскемен қалаларында ашу жоспарда тұр.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане