Білікті жас маман, білгір жас мұғалім

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_40_402024-9.jpg

Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты. Ұстаз жас ұрпақтың рухани сәулеткері, мектептің жүрегі, балаларды білім нәрімен сусындатып, бойына жақсы қасиеттерді дарытып,, рухани адамгершілік тәрбиеге бағыт бағдар беруде ұстаздардың еңбегі ерекше маңызға ие.
Тобыл кентіндегі жас маман, ұстаз Жақсылық Ақмарал Айдарханқызы Қостанай қаласы «Қостанай Өңірлік Университетінің» математика пәні мұғалімін даярлау бөлімін аяқтаған студент, ал қазір «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде мұғалім. Кішкентайымнан есепке, логикалық тақырыптағы тапсырмаларғы қызығып өскен Ақмарал Айдарханқызы өз мамандығы бойынша жұмыс жасаудан тек ләззат алады. Математика мұғалімдері – қоғамның интеллектуалды базасын қалыптастыратын тұлғалар. Олардың еңбегі арқасында болашақ инженерлер, ғалымдар, экономистер, дәрігерлер және басқа да мамандар қалыптасады.
- Мен, диплом алған соң, ауылға келіп, еңбек жолымды бастауды шештім. Бұл шешімім мені кәсіби және тұлғалық тұрғыда дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Қазақстанның көптеген жас мамандары секілді мен де ауылдық жерлерде жұмыс істей отырып, өз білімімді тәжірибеде қолдану және елдің дамуына үлес қосу жолында алғашқы қадамдарымды жасадым. Ауылға келген соң мен жергілікті білім ордасында математика мұғалімі ретінде жұмыс істей бастадым. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы ерекше. Олармен жұмыс істей отырып, мен өзімнің педагогикалық дағдыларымды жетілдірдім. Өз кәсіби біліктілігімді арттырып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды үйрендім. Әріптестерім мен ата-аналардың қолдауы ерекше маңызды болды. Бұл маған өзімді сенімді сезінуге және жаңа ортаға тез бейімделуге көмектесті.
Ұстаздар мерекесімен әріптестерімді құттықтағым келеді. Әрбір оқушының жетістігі – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, төзімділік пен адалдықтың жемісі. Ұстаз болу – үлкен мәртебе, ал әрбір шәкіртіміздің өмірде жетістікке жетуі – біздің ең үлкен сыйымыз! Баршаңызға сарқылмас күш-қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеймін. Ұстаздық жолда әрқашан биіктерден көрініп, шәкірттеріңіз сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибеңізден нәр алып, үлкен жетістіктерге жетсін! Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар! – деп, өз құттықтауын жеткізді жас маман Ақмарал Айдарханқызы.
Математика мұғалімі мамандығы – аса жауапты әрі құрметті қызмет. Бұл мамандықты таңдау – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына, қоғамның дамуына зор үлес қосады. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы мен ауылдық жердің дамуына үлес қосып қана қоймай, өзімді кәсіби тұрғыдан жетілдіруге мүмкіндік алған Ақмарал Айдарханқызын ауылдағы жұмыс шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа шыңдаған.
ХХІ ғасырдың ұстазы – ізденімпаз, зерттеуші, көзі ашық, көкірегі ояу, бәсекеге қабілетті, ойы озық, шығармашылықпен айналысатын тұлға. Ол – өзінің мәдениетімен, білімділігімен, парасаттылығымен, тән тазалығымен, шынайылығымен оқушының ғана емес, қоғам ассоциациясында ұстаздықтың эталоны. Жаһандану заманында инновация мен ғаламдастыруды қатар алып, білім мен тәрбиені егіз ұғым етіп бере алған мұғалімнің ғана жұмысы жемісті болмақ. Алдыңнан түлеп ұшқан шәкіртің шыңға шықса, ұстаз еңбегінің ақталғаны. Ол үшін ұстаз үздіксіз өмірбақи ізденіс үстінде болуы тиіс. Сонда ғана бүгінгі заңғар заманның бәсекеге қабілетті азаматын тәрбиелеп шығасың. Өзінің пәнін сүйетін, ұлтының болашағы үшін шынайы күрескер, әр қазақтың баласын жақыным деп жақсы көрген ұстаз ғана ел ықыласына, шәкірттерінің риясыз қуанышына бөленген тұлға болып жұртшылық жүрегінде мәңгі сақталмақ.
Құрметті ұстаздар шәкірттерге парасаттылық ұлағатын ұялатып, үлгі болар биік тұлғаларыңыз аласармай, мектептің – жаңашыл ұстазы болып, асулардан аса беріңіздер!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане