Референдум ұйымшылдықпен өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_41_412024-3.jpg

Референдум күні Тобыл кентінде 4 референдум учаскесі жұмыс жасады.
Таңертеңнен бастап ауылдың тұрғыны дауыс беруге келіп, белсенділік танытты. Дауыс беруге тұрғындар отбасымен келді. Бұл жергілікті халықтың ел үшін қабылданатын шешімге бейжай қарамайтындығын көрсетеді. Референдумның маңызы зор.
Бұл – халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Референдумға қатысу әрбір азаматтың борышы. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек. Референдум күні «Думан» Мәдениет үйі орталық алаңда концерт қойып, ал спорт әдіскерлері спорттық жарыстар ұйымдастырды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане