Жастармен жұмыс жүргізу - басты назарда

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_41_412024-7.jpg

 

Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстары дамуының маңызды бағыттарының бірі.
Болашақтағы жаңа Қазақстанның жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар өзінің әлеуетін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық өсуді қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда. Белсенді жастардың жұмысын насихаттап, қолдау көрсету мақсатында Тобыл кентінде №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы орайда мектептің мұғалімдері Ырысхан Лескенов мен Бекнұр Ахмет жастармен жұмыс жасауда. Ырысхан Лескенов әртүрлі тренинг өткізсе, Бекнұр Ахмет спорттық сайыстар ұйымдастырады.
Ырысхан Лескенов қыркүйек айының басында ғана мектепке енді ғана орналасып жатқан жас мамандарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында, бейімделуге байланысты таныстыру тренингі жүргізілді.
Мұндай іс шараның мақсаты жаңа жас мамандардың, жұмысқа деген ынтасын күшейту және ортаға бейімделуіне психологиялық көмек көрсету болып табылады. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында кең таралған «Schoolboy Runaway – Стэл» ойыны бойынша ата-аналарға түсіндірмелік жұмыс жасалды. Бұл қауіпті ойынның тұзағына түсіп қалмау үшін, ата-аналарға ескертпе ретінде психопрофилактика жұмыстың алдын алу болып табылады. Ырысхан Лескенов мектеп оқушыларымен пайдалы үзіліс, психологиялық үзіліс, әртүрлі акциялар, челендждер ұйымдастырады.
Ал, дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекнұр Ахмет спортты дамыту мақсатында мектепте волейболдан, футболдан, теннистен дайындықтар өтіп, көңілді спорттық үзілістер ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық ойындары асық, бес тас тағы басқа ойындары ойнатылады. Жастар және оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мектепте Ахмет Бекнұр жаттықтыруымен баскетбол үйірмесі бірнеше жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап келеді. Арнайы жаттығулар балалар денесінің жан-жақты дамуы үшін баскетболдың жоғары тиімділігін көрсетті. Сонымен бірге жас мамандармен, оқушылардың ата- аналарымен көңілді спорттық эстафеталар өткізеді.
Жастармен жұмыстың мақсаты – жастар бойындағы отансүйгіштік, қамқоршылық секілді қасиеттерді дамытып, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қадірлеуге үндеу, жастар арасындағы кәсіпкерліктің кең қанат жаюына ықпал ете отырып, жастарды тұрақтандыру, азаматтық қоғамды қалыптастыру болып табылады.
Жалпы, мектеп жастары белсенді. Олар үнемі жақсы істердің жаршысы болып жүреді. «Думан» Мәдениеті ұйымдастырған мерекелік концерттерге, сайыс, байқауларға қатысып отырады. Еліміздің болашағы тіліміз бен дініміз, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізде екені белгілі. Осы ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің басты парызымыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане