Рухы мықты жандар

 

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_42_422024-9.jpg

 

Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қарым-қатынасымен айқындалады.
«Рух бекінісін сақтау үшін дененің бекінісін сақтау керек» дегендей, осы күнде мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарынан қалмай, жұртпен бірге өмір сүріп, еліміздің дамуына өз үлесін қосып жатқаны бәрімізге аян. Ел аймағында қазан айының екінші жексенбісінде мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып келеді. Бұл күн Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтілуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару мақсатында «Думан» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты тақырыпта Набиева Айсел және Назаренко Татьянамен кездесу өтті. Кездесуде өз отбастарының тату – тәтті өмірі, жұмыстары, айналысатын қызықты істері (хобби) туралы айтып өтті. Қоғамдық жұмысқа белсене араласатын Айсел спорттық жарыстарға дартс, шашка ойындарына қатысса, Татьяна жастайынан ән айтып, облыс көлемінде жеңімпаз болып жүр. Кездесу барысында ән айтылып, көңілді өтті.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілді мәселелері қоғам назарында, оларды әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатыстырып, құқықтары қорғалған. Арнайы мәртебе берілгеніне қарамастан, біз үшін толыққанды азаматтарымыз болып табылатын барша мүмкіндігі шектеулі жандарымызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, баршаңызға жақсылық, бақыт, шыдамдылық және өзара түсіністік тілейміз! Өмірлеріңіз әрқашан махаббат, үміт және сенім сезімдеріне толы болсын.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане