Бейімбет Майлин атамыздың ұрпақтарынан тарағаныма қуаныштымын

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_42_422024-8.jpg

 

2024 жылғы 15 қарашада қазақ әдебиетінің классигі Б.Ж. Майлиннің туғанына 130 жыл толады, ол қазақ әдебиетінің барлық жанрларының қалыптасуына үлкен үлес қосты.
Қай жанрдағы шығармасында да Бейімбет Майлин өмір ағыстарын, адам мінезін бірбеткей алмай, түрлі қырларын, қалтарыстарын қамтып, шындықтың шырайын ашуға ұмтылған. Сондықтан да оның көркем туындылары әрі замана келбетін, әрі қаһармандар тұлғасын нанымды ашатын дәуір куәлігіндей қымбатты. Бейімбет Майлин туғанына 130 жылдығына орай Би ағаның немерелес туысы, Тобыл тұрғыны Бақбергенов Мирамбек Қуанышбекұлымен сұхбаттасқан едік. Мирамбек Қуанышбекұлы Бейімбет Майлин 130 жылдығына биыл көптеген іс-шаралар өтіп жатқанын айтып өтті.
- Ардақты атамыз Бейімбет сталиндік репрессия кезінде 1937 жылы қазанның 6-сында жазықсыз «халық жауы» деген жаламен қамауға алынып, 1938 жылдың 26 ақпанында НКВД-ның түрмесінде атылды. Ал 1938 жылдың 13 сәуірінде жұбайы «халық жауының әйелі» ретінде 8 жылға сотталып, лагерьге айдалды. Ал, балалары – Мереке, Еділ және мен Семейдегі балалар үйіне жіберілген. Гүлсім апамыз Алматыдағы сәбилер үйіне орналастырған. Сол уақытта үлкен ағамыз Әукен Қостанайда болған. Олардың балалық шағы өте ауыр, қиын жағдайда өткен. – деп Би ата өмірін қысқаша айтып өткен Мирамбек Қуанышбекұлы сөзін ары қарай жалғастырды.- Мен Бейімбет Майлин атамыздың ұрпақтарынан тарағаныма қуаныштымын. Тобыл кентінде атамызға арналып ұйымдастырылған іс шараларға шақырып тұрады.Туыстарыммен хабарласып тұрамын. Қараша айында Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы мектеп гимназиясында іс шара ұйымдастырылуда. Алматыдағы бауырларым аманатын сол іс- шараға қатысып, табыстаймын. Бүгінде Бейімбет Майлиннің немерелері мен шөберелері еліміздің түкпір-түкпірін мекен етуде. Барлығы аталарының асқақ арманын орындады. Текті адамның текті ұрпақтары қазір білім, медицина, журналистика мен кино саласында еңбектенуде. Майлиндердің басты қағидасы – кез келген жағдайда адал, мейірімді, адамгершіл болу ұстанымын ұстануда.
Б.Майлин шығармаларының қай-қайсысы да түсінікті, қауымға өмір шындығын танытады, оларға өмір сабағын, тіршілік тәлімін дарытады, оларды көркем сөз сұлулығымен сусындатады. Адамзаттың дүниетанымын кеңейтумен қатар оларды жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеуде шығармаларының ерекше маңызы бар.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане