«Елім менің» атты патриоттық әндер фестивалі өтті

 

Screenshot_10.jpg

 

 

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_43_432024_12.jpg

 

Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Республика күні қарсаңында «Елім менің» атты патриоттық әндер фестивалі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету арқылы ұлттық өнерімізді мейлінше қадірлеп, құрметтеуге ықпал ету, өнерлі балалардың есімдерін тауып, халыққа насихаттау, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, жас орындаушыларды отандық мәдениеттің үздік үлгілеріне үйрету болып табылады.
Фестивалға Тобыл кенті мектептерімен және балабақшадан 12 өнерпаз қатысып, егемен елдің әсем әндерін шырқады. Көрермен қауым жас буын өкілдерінің орындауында елге танымал туындылармен қоса, бүгінгінің хит әндерін де тыңдады. Қатысушылар мадақтамалармен марапатталады.
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – жастарды отансүйгіштікке баулу. Сол себепті аталған шараның патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор. Еліміздің еңсесі биік тұрғанда ертеңгі болашағымызда айқын.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане