- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 31.10.2024 13:37
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 175
Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде еліміздің басты ұлттық мерекесі Республика күніне арналған «Қыран елім, Қазақстан» атты мерекелік концерт өтті.
Республика күні - ұлттық мереке. Концерт ерекше әсерлі өтті. Өнерпаздардың өнері және патриоттық рухымен көрермендердің жүрегін жаулады. Қазақ халқының бай мәдениетін дәріптеумен қатар, тәуелсіздігіміздің қадірін ұғындыратын мереке құрметіне рухани мазмұнға бай концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Әсем де әсерлі әндер мен мәнерлі өлеңдер жиналған қауымның қошеметіне бөленді. Елдігіміздің егемендігін ұлықтайтын, тәуелсіздіктің қайнарына айналған Республика күні осылайша жоғары деңгейде аталып өтті. Еліміз үшін ерекше күн - Республика күнінің мәні зор. Қасиетті туымыз мәңгі желбіреп, күніміз мәнгі сөнбей, әсем әніміз бен күйміз ашық та кең аспанымызда шарықтай берсін!