- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 05.12.2024 12:05
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 617
«Ас – адамның арқауы» дейді халық даналығы.
Соның ішінде жас буын балалардың құнарлы, дұрыс тамақтануы басты назарда болуы шарт. Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы - оқушының жан-жақты дамуына маңызы зор. Ол әл-ауқатына пайдалы әсер ететін тағамдарды тұтыну болып табылады. Бұл бастауыш сынып оқушылары үшін оқу барысында мидың белсенділігіне оң әсер ететін тағамдарды тұтыну өте маңызды болмақ.
Мектеп асханасы – мектеп өміріндегі ең қажет факторлардың бірі. Мектеп асханасына ең жақсы мамандар алынады. Өйткені, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың жетіліп, білім алуға дайын болуы, ең басты дәрумендендірілген тамақ ішуіне байланысты болып келеді. Асхананың тазалығы кіргеннен шыққанға дейін толығымен сақталуы қажет. Мектеп асханасы жарық, әрі таза. Мектепте балалардың ыстық тағаммен тамақтануы олардың денсаулықтарын нығайтуға және оқу қабілетін жақсартуға әсерін тигізеді. Сол себепті, мектеп асханасындағы оқушылар мәзірінде пайдалы әрі құнарлы тағамдар болуы күн сайын қадағаланады.
- Мектеп асханасындағы бастауыш сынып оқушыларына ұсынылатын тағамдардың мәзірін республикалық және облыстық білім беру ұйымдарының жіберген тізбесі бойынша дайындаймыз, - дейді №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің мектеп әлеуметтік педагогі Ахметжанова Кенжегүл Аманжоловна. - Жеке кәсіпкер Маженова Салима Тамамбаевна қызмет көрсететін мектеп асханаларындағы ас мәзірі талапқа сай. Мектеп асханасынан оқушыларға ұсынылатын тағамдардың құнарлылығы мен сапасына, асхананың жайлылығына тексеріп отырады. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып,тағамдардың дайындау технологиясына, өнімдердің сақтау мерзіміне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізілуі қадағаланып отырады. Асханада күнделікті ас мәзірі ілініп тұрады. Ас мәзірі оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында дәрумендерге бай көкөністерден әзірленеді. Осы оқушылардың дер кезінде тамақтанып отыруын мұғалімдер арасында асханада кезекшілік құрылып мектеп директорымен бекітілген.
Санитарлық ережелерге сәйкес дайын тағамның сапасын мектептің комиссиясы тексереді. Комиссия құрамына әкімшілік өкілдері, мектеп дәрігері, оқушы және ата-ана комитеті бар. Комиссияның міндеті білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды және сапасын қадағалауды тексеру. Сонымен қатар, күнделікті медицина қызметкері тағамдарға және кулинарлық өнімдерге бақылау жүргізеді.
Балалардың дұрыс әрі пайдалы тамақтануын қамтамасыз ету біздің мақсатымыз, олардың болашағы дәл кәзіргі сәттен басталмақ. Өйткені, ұрпақтың денсаулығы бәрінен қымбат, әрі маңызды!