«Тәуелсіздіктің тарихи жолы»

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_51_512024_1.jpg

 

Тәуелсіздік жолы – бұл бейбітшіліктің, жасампаздықтың және заманауи мемлекеттілік пен азаматтық қоғам құрудың жолы.
Қысқа тарихи кезеңде Қазақстан шынайы тәуелсіздікке, мемлекеттік егемендікке ие болудың, толыққанды заманауи экономика мен серпінді дамып келе жатқан әлеуметтік саланы құрудың әсерлі жолынан өте алды. Бұл оңай жол емес. Тәуелсіз Қазақстан – әлемдік саясатта да, Орталық Азия аймағында да белсенді ұстанымға ие жауапты мемлекет.
Мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күніне орай 2024 жылдың 12 желтоқсан күні Аудандық балалар кітапханасында «Тәуелсіздіктің тарихи жолы» атты тарихи хроникалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Балаларға тәуелсіздік жылдары орын алған өзгерістер, жетістіктер туралы мәліметтер берілді. Балалар мемлекеттік рәміздер, олардың авторлары, рәміздерді айқындап тұрған бейнелер туралы өз білгендерімен бөлісіп, сұрақтарға белсене жауап берді.
Балалармен «Сергіту сәті», «Кім білгір, кім шапшаң?» ойындары ойналды. Балалар сұрақтарға тез әрі нақты жауап беріп, өздерінің білімді де білгір екендігін дәлелдеді. Тәуелсіздік туралы тақпақтар оқыды.
Сонымен қатар оқу залында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – халық мұрасы» атты кітаптар көрмесімен танысты. Кітап көрмесі кең ауқымды. Онда Қазақ хандығының құрылуы, Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік алу жолында жасаған ерен ерліктері туралы кітаптармен бірге, егемен елдікті дәлелдейтін Ата заң, мемлекеттік рәміздер, Отан туралы кітаптар бар. Балаларға осы көрме тереңірек таныстырылды.
Тәуелсіздік деген ұлы ұғымды баланың санасына сіңіріп, елге, жерге деген патриоттық сана-сезімді бала жүрегіне ұялату - біздің, яғни кітапхана мен кітапханашының басты міндеті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане