Мамандар кеңес берді

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_34_34-10407---1-15.jpg«Егін алқабы күніне» орай ауданымызға ауылшаруашылығы мамандары, ғылыми ат басын бұрып, ауданымыздағы егістікпен танысты.
20-шы тамыз күні Красносельский ауылында «Сұлу» ЖШС алаңында аудан әкімі Испергенов Қуандық Хайдарұлы «Егін алқабы күнінің» негізгі мақсатын айтып өтті. Ауданымызға «Syngenta» компаниясының мамандары да қонақ болып келген болатын . Аталмыш компанияның менеджері, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Сеитгали Бибетұлы компания туралы шағын ақпарат беріп өтті: «Syngenta(Сингента) — швейцариялық компания, өсімдіктерді қорғау және тұқым шаруашылығы саласындағы көшбасшылардың бірі. Компания 2000 жылдың қараша айында Novartis AG және AstraZeneca Plc фирмаларының агроөндірістерін біріктіру нәтижесінде құрылды. Компанияның Штаб-пәтері Базельде (Швейцария) орналасқан. Компанияның 27 мыңнан астам қызметкері әлемнің 90 елінде жұмыс істейді»,-дейді маман. «Сингента» компаниясы тарапынан Қостанай қаласынан, Қарасу, Алтынсарин, Қарабалық аудандарынан ауылшаруашылық кәсіпкерлеріде келді. Және ғылыми серіктестері «Заречное» қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтары болды.
Жоспарланған бағыт бойынша ауылшаруашылығы өндірістік егістерді тексеру үшін егінге жол тартып, егіннің қазіргі жай-күйін аңғардық. Алқаптардағы жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, жасымық, зығыр, күнбағыс будандары және басқа да дақылдарды - № 56,46,43,30,12 егістерінен көре алдық. Егіс алқаптарында жаңа технологияларды да атап өтті. Ақпараттарды ұсынған «Сұлу» ЖШС директоры Александр Сергеевич Пирог пен «Сұлу» ЖШС бас агрономы Сергей Васильевич Сальников болды. Әрине, өздеріңізге белгілі биылғы жылы жауын аз болғандықтан,егіншілік қазір жақсы өспей жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл эксперименттік алқаптар болып саналады. Егіннің халі қазір осындай болып тұр.
«Сингента» компаниясының технологиясы бойынша зиянды объектілерді кешенді қорғауды қолдана отырып ,күнбағыс, жүгері және бидай гибридтерімен егілген «Сұлу» ЖШС-де тәжірибелік учаскелерде көрсетті. Атап айтқанда, №14,15 егістіктер де тәжірбиемен көрсетілді.
Аномальды ыстықта 2019 жылғы егін жинау жағдайы туралы «Содружество» ҚПК директорының орынбасары А. И.Гринец баяндаған болатын. Ал, несие мерзімін ұзартуға ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсетудің қабылданып жатқан шаралары туралы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С. В. Каргачинский баяндады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане