- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 22.08.2019 06:58
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 1566
Сағаттың жөн-жосығын шынымен жақсы білетін адамдар қазір қалды ма екен? Расыменде, сағатты жан-тәнімен түсінетін жан Асенкритов ауылының тұрғыны, ардагер ұстазымыз.
Жұмабек Қалтайұлы өзінің өмірінде едәуір уақытын арнаған коллекция жинаушы және тамаша сағат жасау шеберінде қонақта болған едік. Жұмабек ағай уақыттың сақтаушысы деп айтуға болады. Ол үйінде қол және қалта сағаттарынан көлемді коллекция жинаған. Бұл – жүздеген жұмыс жасап тұрған, тықылдайтын, сағат пен минуттарды санайтын сағаттық механизмдер. Жұмабек Қалтайұлы-өз заманының сегіз қырлы, бір сырлы азаматы. 7 жыл бойы осы сағаттарды жанына серік еткен. Өзінің барлық әуестенген істері бойынша өзін жақсы көрсете алды. Алайда, сағат әрқашан да оның өміріндегі басты ісі болып қала бермек. «Бұл істе ең бастысы – тәжірибе», - деп, ескертті Жұмабек ағай. Әрине, оның өзіне тәжірибе жинау керек емес – ол 7 жылдан аса сағаттарды жөндеп келеді. «Сағат – бұл менің әуес ісім, шынайы өмірден бұрылу. Түптеп келгенде, бұл іспен негізгі табыс қаржысы ретінде айналысуға болады, алайда, ол мен үшін олай болып табылмайды»-, деп қоса кетті. Мені, кез-келген қызығушылық танытқан тұрғынды, әрине, мұндағы сағаттардың ішіндегілердің қайсысы бағалы және қымбат екендігі қызықтырды. Жұмабек ағамыз күлімдеп: «Барлық сағат менің жаныма жақын»,- деді.
Жұмабек Сарсембаев үшін сынған сағаттарды жөндеу – әуес іс. Ол, негізінен, өзінің достары мен таныстарының, сонымен бірге, олар арқылы ол туралы біліп жатқандардың сағаттарын жөндейді. Жұмабек ағаның айтуынша, біздің заманда механизмдегі көптеген бөлшектерінің сынығын қалпына келтіру жағынан қабілетті адамдар аз ғана қалды.
Түрлі құштарлық және әуес істер болады. Біздің қаһарманымыз өзін сағаттарға арнап, таңқаларлық, үлкен әлемін ашты. Біздің кезеңдегі өте сирек баратын салада жоғары шеберлікке қол жеткізді. Оның коллекциясына қарасаң, бұл тақырыпқа қызығушылық танытасың, осындай ұқсас бір нәрсе сатып алғың келеді, мүмкін, сағаттарды жинауды бастағың келіп кететін де шығар.