«Бақытты отбасы» бойынша

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_47_18.jpg«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспананың кілтін алған Алтынай Қабылдина өзін лоторея билетін ұтып алған адамдай сезініп жүргеніндей жеткізді.


«Балаларымыз бен жолдасым екеуміз биыл баспаналы боламыз деп ойламағанбыз»,- дейді Алтынай. Алтынай ханым мен Бақытжан мырзаның 5 балалары бар.
«Өміріміздің мәні де, сәні де - осы бала-шағам, олардың өніп-өсуіне бар күшімді салып жүрмін. Баспана жағынан кішкене қиналып жүрген едік, балаларымыз да өз баспанамыз болса ғой деп айтып қоятын. Міне, Алланың қалауымен, мемлекеттік бағдарлама бойынша өзіміздің үйімізді алып отырмыз. Барлық қол ұшын созған жандарға алғыс айтамыз. Бұл қуанымышызды жеткізе алмаймыз, бала-шағамызбен әлі де қуанышты күйде жүрміз. Өте қуаныштымын. Баспаналы адам ретінде өзімді сенімдірек сезіне бастадым. Бұның бәрі балалардың болашағы үшін ғой. Отбасымыздың өз үйі болғанына қуаныштымын»,- дейді отағасы. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, көбалалы ананың үлкен қызы Рудный қаласында Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық колледжінде 1 -курс студенті, кенжесі балабақшаға барады. – «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағ­дарламасын енгізген мемлекетке рақ­мет. 2 пайызбен ипотекалық несие беру – ол азаматтар үшін өте үлкен көмек, – дейді Алтынай, қуанышын жасыра алмай. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша займдар жаңа үйлерден пәтер сатып алу мақсатында беріледі. «Бақытты отбасы» бағдарламасы деп аталатын жаңа бағдарлама 3 санат бойынша азаматтардан құжат қабылдайды. 4 және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар және кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасы, отбасында мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар бағдарламаға қатыса алады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане