Үшінші тоқсандағы аудан әкімінің халық алдындағы есебі басталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_37_372022-1.jpg

Жылдағы үрдістен бөлек биыл аудан және ауыл әкімдерінің есеп беруі жаңа форматта өткізіліп келе жатқандығы көпшілікке мәлім.
Ел Президентінің өткен жылдардағы Жолдауында айтылған «Тыңдайтын мемлекет» қағидасы биылғы есепте көрініс тапты. Бұлай деуімізге әкімдердің халық алдында емін-еркін тіл табысып, кез келген сұраққа тұщымды жауап беруі әрі сахнада көпшілікке қарап бөлек отырмай, елмен бірге залға жайғасуы, халықпен ғимараттан тыс, яғни табиғат аясында, шаруашылық басында жүздесіп, есеп беруі себеп. Бұл шынында да бұқара мен биліктің арасы біртабан жақындай түскенін көрсетіп тұрғандай. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап барлық деңгейдегі әкімдер әр тоқсан сайын халық алдында есеп беріп келеді.
Аудан әкімі Қайсар Мыржақыповтың биылғы жылдың үшінші тоқсанындағы есебі аптаның сейсенбісі күні Новоильинов ауылдық округінде бастау алды. Есеп беру диолог түрінде өткізілді. Аудан басшысы алдыменен өткен тоқсандағы есеп беруде көтерілген жол жөндеу, газ тарту, мәдениет үйі жайындағы мәселелерге тоқталып, сол бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Ауыл тұрғындары одан бөлек ауыз су колонкаларының сапасы, көмір отынының сапасы, ауыл ішіндегі ағаштарды кесу жайында сұрақтарды көтерді. Аудан басшысы көтерілген мәселелер аяқсыз қалмайтынын жеткізді.
Сәрсенбі күні аудан басшысы Әйет ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп, есеп берді. Аталмыш округ тұрғындары Красносельскі ауылындағы су құбырының аяқталу мерзімі, Әйет ауылы ішіндегі жол, тротуар, иесіз иттердің көбею туралы мәселелер қозғады. Аудан әкімі Қайсар Батырханұлы тұрғындарға ол бағытта атқарылған жұмыстарды айтып, кейбір сұрақтар жөнінде тиісті органдарға тапсырма берді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане