- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 13.10.2022 06:27
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 2504
Керемет нәтижемен Шымкент қаласынан «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің Балалар өнер мектебі» КММ «DIAMONDS» хореографиялық ұжымы, жетекшісі Орлова Евгения Александровна жеңіспен оралды.
Республикамыздың оңтүстік қаласында 2022 жылғы 8 қазанда "Jasstar"балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының Халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы және құрылтайшысы "Talantstar" Медународный конкурстық – фестиваль жобасы. Сондай-ақ, байқаудың серіктестері "Qazaq jarnama РПК" ЖШС және портал болды art-dance.kz. «DIAMONDS» ұжымы осындай ірі жобада Қостанай облысы мен Бейімбет Майлин ауданын алғаш рет таныстырып отырған жоқ.
Бұл жолы ұжым көрермендер мен кәсіби қазылар алқасына бірден төрт қойылым ұсынды. Бұл сайысқа «Однажды в лесу», «Той бастар», «Дала үні» қойылымдары, сондай-ақ біздің кішкентай жұлдызымыз Әлімқызы Ақботаның жеке орындауындағы «Көктем» жаңа қойылымы.
Балалар үздік атағы үшін күресіп, өз таланттарын көрсетіп, көрермендерді орындаушылық шеберлігімен таң қалдырды. Өте байсалды бәсекестік жарыста «DIAMONDS» би ұжымы «Халық биі» номинациясы бойынша конкурстың 2 Гран-при жеңіп алды. Ақбота Әлімқызының жеке нөмірі кәсіби қазылар алқасын да бей – жай қалдырмады және біздің ауданға ең жоғары марапат - Гран-при сыйлығын берді, ал «Дала үні» қойылымы байқаудың бас жүлдесін супер Гран-при мен жүз мың теңгеге сертификатты жеңіп алды. Осылайша, ұжымның қоржынында барлық 4 Гран-при бар, бұл мұғалім мен оқушылардың жоғары кәсібилігін көрсетеді.
Барлық қатысушылар конкурс лауреаттарының дипломдарымен марапатталды. Би ұжымының жетекшісі Орлова Евгения Александровна мен Ақботаның ата-анасы Сыздықов Алим Тайшықұлы, Сыздықова Әсел Сағынтайқызын алғыс хаттармен марапатталды.
Біз «DIAMONDS» би ұжымын, олардың педагогы мен ата-аналарын балалардың тамаша өнерімен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!