Аудандық «Алтын микрофон -2023» сайысы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_7_7-2023_1.jpeg«Алтын микрофон» байқауы вокал бойынша жас талантты орындаушыларын анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани бірлігі идеясын, бейбітшілік халықтарының достығын, ұлтаралық және мәдениетаралық шығармашылық диалогты дамыту және тарату, шығармашылық байланыстар орнату мақсатында өткізілді.
Б.Майлин аудандық Мәдениет үйінде «Алтын микрофон - 2023» вокалдық байқауы өтті. Бұл облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі болатын. Іс-шараны «Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Тобыл кенті, Май, Асенкритовка және Калинин ауылдық округтерінен әр жас топтары бойынша 9 жас әнші өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетті.
Байқауға қатысушылардың репертуарлары әр түрлі болды. Байқауда қатысушылардың ана тілінде, ағылшын тілінде орындаған әндерін тыңдауға мүмкіндік болды. Барлық балалар екі жас санатына бөлінді. Әр номинация бойынша бойынша бір жүлде, сонымен қатар көрермендер тарапынан қосымша бір жүлде болды. Байқау қорытындысы бойынша 7 жастан 10 жасқа дейінгі жас санатында 1 орынды Тобыл кентінен келген Екатерина Кох иеленді. 11 жаспен 13 жас аралығындағы топта Май ауылынан Виолетта Ганкевич жеңімпаз атанды. Тобылдық Мақсұтхан Бекзада көрермендер көзайымы сыйлығын алды. Жеңімпаздарға естелік (сувинер) сыйлықтар табысталып, ал барлық қатысушыларға аудандық Мәдениет үйі атынан Мақтау қағаздарымен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане