- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 02.03.2023 08:34
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 1435
Б.Майлин ауданының әкімі Қайсар Мыржақыпов бекітілген кестеге сай Тобыл кентінде халықпен кездесуі өтті.
Жиналғандарды ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен 2023 жылы алға қойған мақсаттары жөнінде баяндап, оны слайд арқылы таныстырды. Алдағы жылы жоспарлы жұмыстар жалғасын табады. Сондай-ақ Тобыл кентіне газ тарту мәселесі де ағымдағы жылы басталады. Тобылдағы «Думан» Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу де жоспарда бар екен. Аудан бойынша ауылдар арасындағы жолдарды жөндеу, олардың сапасын жақсарту бойынша да көптеген жұмыстар атқарылмақ. Кездесу барысында жергілікті халық өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, аудан басшысына сұрақтарын қойды.Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Тұрғындардың көтерген мәселесіне байланысты аудан әкімі Қайсар Батырханұлы жауап беріп, айтылған ұсыныстардың барлығын рет-ретімен шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізілетіндігін тілге тиек етті. Айтылған ұсыныстар мен сұрақтарға байланысты тиісті бөлім басшыларына жүктеп, қадағалауды тапсырды.