Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» байқауы жеңімпазы Ырысхан Лескенов

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_11_112024-7.jpg

Жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру үшін жасалған республикалық олимпиадаға Тобыл кенті, №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі, психолог маман Лескенов Ырысхан Ибрагимұлы қатысты. «Жас келсе іске» деген ұстанымды жалау етіп, ұлағатты ұстаз деген атқа лайықты болуға белін бекем буынған, барлық күш жігерін ұстаздық жолға салуға әзір тұрған, жас ұстаз Лескенов Ырысхан Ибрагимұлы жеңімпаз болып оралды.
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық Педагогикалық олимпиадасының аудандық, облыстық, республикалық кезеңінің жеңімпазы, облысымыздың мақтанышы, №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің психолог маманы Лескенов Ырысхан Ибрагимұлын мектеп ұжымы салтанатты түрде күтіп алды.
- Мен «Дарынды оқушыға- Талантты ұстаз» байқауының Республикалық деңгейіне жетіп, Қостанай облысының намысын қорғадым. Еңбегім ақталды. «Дарынды оқушыға- Талантты ұстаз» байқауының психологтары арасында бағымды сынап жүлделі 1 дәрежелі дипломымен марапатталдым. 18 облыстан 24 қатысушы бағын сынады. Жүзден жүйрік атанып, бірінші орын Қостанай облысының қанжығасына бұйырды. Осы байқауға маған қолдау жасаған барша жандарға, соның ішіндегі №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің басшысы Гүльнар Расулқызы және мектеп ұжымына, ата-анама, достарыма алғысым шексіз. Барлығымыз да жақсы жүлдеге лайықтымыз!- деп Ырысхан Ибрагимұлы қуанышын жасырмай, ерекше сезімде болды.
Жеңісіңіз құтты болсын Ырысхан Ибрагимұлы! Алматы шаһарының төрінен Республика көлеміндегі педагогтердің ішінен топ жарып, 1 орынды жеңіп алып келдіңіз! Жарайсыз! «Еңбегі бағаланған ерді мақтай» дегендей, мектеп ұжымымен бірге шығармашыл, ізденімпаз Лескенов Ырысхан Ибрагимұлы- жас маманымызбен мақтанамыз!Алар асуларыңыз көп болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане