Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2024» облыстық байқауы

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_17_172024-11.jpg

2024 жылдың 16-19 сәуір аралығында Қостанай қаласында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024» облыстық байқауы өтті. Облыстық байқау мұғалімнің білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.
Байқау Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өтті.
Байқауды өткізу шарттары бойынша қатысушылар үш кезеңнен өтті. «Креативті педагог» - мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің тұсаукесері; «Қазіргі заманауи дене шынықтыру сабағы» - дене шынықтыру сабағын өткізу»; «Үздік спорттық-бұқаралық іс – шара» - спорттық іс-шараның тұсаукесері.
Өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» номинациясын Сапар Ергалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Орынбай Тұралы Орынбайұлы жеңіп алды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане