- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 04.07.2024 09:58
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 3882
20 маусым күні Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй шеруі» акциясы өтті.
Акцияның басты мақсаты жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата -бабадан кәсіп болған домбыраға қызығушылық сезімін ояту, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру болды. Ауданының 100 домбырашыдан құрылған өнерпаздарды орталық алаңда 7 күй орындап берді. Аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ыбраев құттықтап, акцияға қатысып белсенділік танытқан, өз шеберлігін көрсеткен өнерпаздарға ризашылығын жеткізді. Аудан әкімінің алғыс хатымен Жітіқара ауданының, Лисаков қаласының домбырашыларын марапаттады. Ауыл ақсақалы Кенжебек Ерғалиұлы жиналған халыққа өз батасын берді. Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Айбек Балтабаев пен Танатқан Жүрсінді Алғыс хатпен марапаттап, еңбектерін еледі. Аталған шараға өнерлі жастары белсене қатысты. Ұлттық аспаптарда домбыра шеберлері күйден шашу шашса, әншілер мен бишілер мың бұрала би билеп сахнада өнер көрсетіп, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
Киелі домбыраны жаңғыртуға бағытталған мерекенің жастарға және көрермендерге берері мол болды. Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сана қалыптастырып, өнерге баулуға, атадан балаға мирас болған өнерді насихаттап, құрметтеуге бағытталған акция алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарлануда.