- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 05.09.2024 09:44
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 3443
Облыстық форум «Мемлекеттік жеті қадам» - оқушылардың қалауында болып, әр ұлт балаларының қазақ тілге деген патриоттық сезімін оятты.
Оған дәлел: Қостанайдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы аймағымызда дарындылар қатарынан мемлекеттік тілге қызығушылық деңгейі жақсы мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылған «Мемлекеттік тілге жеті қадам» аясында үш күндік 2024 жылдың 26-28 тамызында лагерь өткізді. Әр ауданнан түрлі ұлт өкілдері балаларының құрамындағы тоқсанға тарта оқушылар киелі Науырзым топырағына саяхат шегіп қайтты. Бейімбет Майлин ауданынан 14 оқушы: Тобыл ЖББМ – 4 оқушы, Тобыл ЖББМ – 5 оқушы, Валерьяновка ЖББМ – 1, Юбилейная ЖББМ – 1, Красносельская ЖББМ – 2, Бейімбет Майлин ЖББМ- 1 оқушы қатысып келді.
Мемлекеттік тіл және қазақ мәдени ұлттаралық қатынасы әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған оқушылар арасында ынтымақтастықтың және тілге деген сүйіспеншіліктің – қайнар көзі. Қатысушылар көптеген іс-шаралар: спорттық ойындар, тренинг, сұхбаттасу және онлайн-конкустарға қатысты. Лагерьден мол ризашылықпен қайтқан оқушылардың ата-анасының жылы лебіздерінің өзі қуантады. Өйткені, мемлекеттік тілді білу маңызды, сондықтан Қазақстанның болашақ жанашыр азаматтары болатынына сенімдіміз. Үш күнде өткен түрлі іс-шараның жанында болып келген оқушыларымыз сәуір айынан бастап тапсырмалар орындап белсенді қатысқан болатын. Ақтық мәресі қазан айында белгілі болады, жеңіске жеткендер Республикалық форумға баратын болады. Осы үшкүндік лагерь бағдарламасында шеберлік сыныптар, тренинг және спорттық ойындар, табиғи қорықтағы экскурсиялар, киіз үй құрылысын жабдықтау, орнату, әрі жинау тәртіптері туралы айтылды, соңында киелі орындарға – әулие Түркебай атаға және Қоянақ әже туралы мәліметтер аудандық Түркебай ата мешітінің имамының түсіндіруімен болды, орыс тіліндегі ақпараттарды Тобыл жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нурсейтова Маржан Жұмағазықызы берді. Лагерьде оқушылар және мұғалімдер үшін мәдениетті, дәстүрді және мемлекеттік тілді зерделеу бойынша ақпараттық алаңдар, мобилография және жасанды интеллектпен жұмыс бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, сертификаттар берілді. Мұндағы әрекетте лагерьдің тілдік дағдыларды жетілдіріп, ауызекі сөйлеу ортасын дамытып қана қоймай, достық қарым-қатынасқа жетелейтін алаң екенін танытты.
- Еліміздің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін оятуда қызмет атқарған жетекшілер мен Қостанай облыстық Ассамблеясының мамандарына, Бейімбет Майлин ауданы оқу бөлімінің қызметкерлеріне және ұйымдастырған жетекшілерге, жобаның жүйесін негіздеген тұлғаларға және жол жүрудегі ат салысқан басшылыққа алғысымыз шексіз. Әрқашан әр ұлт балалары тек ынтымақта, достықта осындай қазақ тіліне қатысты лагерьдің бар екенін біліп, оған ыстық махаббатпен қатысуларына тілектеспін. Форумда оқушылар облысымызда қандай аудандар және елді мекендер бар, олардың ұстаздарының қазақ тілінде кеңестерін алып түсінуі және кешкі ән, би, түрлі ойын ортасында көңіл көтеруі, жаңа оқу жылына жаңа достар табуына мүмкіндік болды.- дейді Тобыл жалпы білім беретін мектебініңқазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурсейтова Маржан Жумагазовна.