- Подробности
-
Категория: №31 (10351) от 2 августа 2018 года
-
Создано 02.08.2018 06:15
-
Автор: Жанар Қасымова
-
Просмотров: 7358
Шілденің 28-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау Валерьянов ауылының белсенділерімен кездесті.
Кезінде Новоильинов ауылдық округіне қарасты Валерьянов ауылының мектебінің қабырғасында білім алған Альберт Рау Қостанай өңіріне келген сайын осы ауылдың тұрғындарымен кездесуді дәстүрге айналдырған десек, артық айтқанымыз болмас. Ол өзінің кіші Отанына көмектесуден аянбайды, қайта ауылдықтардың көкейіндегі мәселелерін шешуге барынша тырысады. Тіпті, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында аталмыш елді-мекеннің тумасы Альберт Павлович Валерьянов ауылына су құбырын өткізу үшін өзінің жеке қаражатынан жобалық-сметалық құжаттамаға ақша бөлді. «Мен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қаржыландыру шешімін қабылдап, менің және аудандық әкімдіктің, жобалаушылардың арасындағы меморандумға қол қойдым. Жобалық құжаттамасыз бюджеттен қажетті қаржы бөлінбейді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысы аяқталуға жақын, тек ұңғыма сонау 70-ші жылдары салынғандықтан, жер асты суларының қайнар көзі мәселе тудыруда.Мен жақсы араласатын геологтардан көмек сұраған едім, ұңғыма бұрғыланды, бірақ біз әлі де жиналыс өткізіп, бір шешімге келетін сияқтымыз.Суды өзеннен алу альтернативті шешім бола алады, десек те маған бұл шешім бірнеше себептермен ұнамайды.Біріншіден, өзеннің деңгейі өзгеріп отырады, екіншіден, ауданның экологиялық прокуратурасының қайда қарап отырғанын білмеймін, жобалаушылар маған су алатын жердің бар екендігін айтқан-ды, алайда фермер тұрақты түрде сонда тезек шығаратын көрінеді. Үшіншіден, жыл сайын Үкімет су бағдарламасына миллиардтаған қаражат бөлгенімен, жалпы еліміз бойынша ауылдарды сумен қамтамасыз ету мәселесінің шиеленісуі төмендемей отыр», - дейді мәжілісмен Альберт Павлович.
Өзінің жобасын ауыл активімен талқылаған Валерьянов ауылының тумасы Альберт Раудың айтуынша, соңғы жылдары Денисов, Жітіқара, Таран өңірлерінде адамдар су және интернет мәселелерін көтеруде. Ғаламторсыз өмір сүруге болатын да шығар, ал нашар сумен тіршіліктің жоқ екендігін мойындау керек. Бүгінгі таңда Қостанай облысында өте көп жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, бірақ олардың барлығына да осыншама ақша жоқ. «Жобалық-сметалық құжаттама болмаса, ақша бөлінбейді. Мұндағы кезек те айтарлықтай үлкен. Қыркүйекте 2019 жылға арналған бюджетті жоспарлайтын боламыз, сондықтан маған сол уақытқа дейін құжаттаманың дайын болғаны керек.Міне, осындай жағдай... Сол себепті, мен сіздермен тілдесіп, кеңесуді жөн көрдім», - деді өз сөзінде жанашыр депутат. Жиналғандар жобаны мақұлдап, ауылдықтардың атынан Альберт Рауға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, олар су құбыры өткізілгенде міндетті түрде белгіленген тариф бойынша төлейтінін, канализациялық судың шығар жерін сыртқа шығарумен айналысатынын алға тартты. Содан кейін Альберт Павлович жобалаушылармен жеке қауышып, жобалық құжаттаманы талқылады, ауылдық кітапхана қорымен танысты. Алла жазса, алдағы уақытта Валерьянов ауылы тіршіліктің қайнар көзі болып табылатын сумен қамтамасыз етіледі деген сенімдеміз.