«Егін шығымы жақсы, тек жылдамдатып жинап алу керек»

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_37_37-2018_10.jpgӨткен аптада Таран ауданына арнайы іс-сапармен келіп, ауылшаруашылығы саласының басшыларымен жүздескен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деді.


Алдымен, өңір басшысы «Әділет-Т» ЖШС-нің алқабында болып, егін орағы туралы мәліметтерге көз жүгіртті. Аудан әкімі Қуандық Испергенов облыс әкіміне ағымдағы жылы себілген дәнді-дақылдар, егін орағы науқанындағы техникалардың барысы, жанар-жағар майдың көлемі туралы әңгімелеп берді.
Бұдан кейін облыс әкімі бау-бақшаны кәсіп қылған кәсіпкерлермен кездесіп, олардың жинаған өнімдерімен танысты. Кәсіпкерлерге сауда-саттық мәселесін кеңейту керектігін және бағаны жөнсіз көтермеуді тапсырды.
Іс-сапар соңында өңір басшысы ауылшаруашылығы саласының мамандарымен, директорлармен, элеватор басшыларымен жүздесті.
- Егін орағының барысы сіздерде де жаман емес. Қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар менің тікелей қадағалауымда. Биыл бидай бағасы жақсы болады. Оған сеніңіздер. Бидайларыңыздың шығымы жаман емес екен, тек соны ысырапсыз жинау керек. Қазір ауа-райы мүмкіндік беріп тұр. Осыны жылдамдатып пайдаланып қалыңыздар. Алдағы уақыттарда күн күрт суытып кетуі ықтимал. Сіздерде тағы бір қуанатын дүние, майлы дақылдарды егу көлемін ұлғайтып келе жатырсыздар. Бұл өте құптарлық жағдай. Осы бағыттарыңыздан таймаңыздар. Егін орағындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деді Архимед Мұхамбетов.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане