- Подробности
-
Категория: №44 (10364) от 1 ноября 2018 года
-
Создано 01.11.2018 07:27
-
Автор: Жанар Қасымова
-
Просмотров: 4361
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының желілік кестесін жүзеге асыру аясында мектеп оқушылары мен «English for zhastar» жобасының еріктілері басқосты. Аталмыш кездесу қалай өтті?
Ең алдымен, «English for zhastar дегеніміз не?» деген туындаған сұрағыңызға жауап берелік. Ауыл жастарының ағылшын тілін тегін оқуына жағдай жасау, ағылшын тілін үйренуіне жан-жақты қолдаулар көрсету мақсатымен «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен мектеп оқушыларына арналған «English for zhastar» жобасы іске қосылған-ды. Осы жоба аясында еріктілердің жасақталып, ағылшын тіліне оқытуды бастағанын газетіміздің алдыңғы сандарында жазғанбыз.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Айнаш Даданова жоба қатысушыларына мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіріп өткеннен кейін, кеңсе қабырғасында естелік фотосуретке түсіп, Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейіне бет алды. Музейде ине шаншар орын болмады. Зал лық толды. Бірақ, жиналғандардың экускурсия жетекшісінің әр сөзін ықыласпен, ден қойып тыңдағандарын байқамау мүмкін емес еді. Музей жұмыстарынан үлкен әсер алған қатысушылар ауданымыздың киелі жерлерін көруге, дәлірек айтсақ, аты аңызға айналған Жабағы батырдың қарауыл төбеге ұқсайтын зиратына бағытталды. Журавлев ауылының қорымына айналған батырдың бейіті елдің шетінде, желдің өтінде жастыққа жантайып жатқандай. Мұнда барудың мақсаты - жастарға батырлар бейітінің ұлы даланың бір киесі, ал киелі жерлердің ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны екендігін ұғындыру, ағайын!