- Подробности
-
Категория: №49 (10344) от 7 декабря 2018 года
-
Создано 07.12.2018 10:59
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 2041
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Таран ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» аудандық мәслихаты шешімінің жобасы дайындалды.
Шешім жобасы кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі, аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі, ауданның жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері анықтайды.
Шешімнің жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әсер соқтырмайды.
Шешімнің жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылды. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2028664