Елінің табысты жолын қалаушы

«Таран ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ бірлесіп ұйымдастыруымен 2019 жылы 20 ақпанда сағат 15.00- де «Өрлеу» ПКҰО АҚ филиалының қабырғасында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жобасын іске асырды. Оның басты мақсаты - еліміздің талантты, еңбекқор тұлғалардың жұмысын көру.


Кездесуге «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімі» ММ басшысы Айгүл Темірханқызы Алимбаева, АӘК меңгерушісі Ырысалды Тұрсынбекқызы Жармұхамбетова, «Красносельск орта мектебі» КММ директоры Айгүл Бектасқызы Исетова, мұғалімдер, сынып жетекшісі Виктор Анатольевич Халецкий, Красносельск орта мектебінің 11 сынып оқушылары мен облыстағы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан жас мұғалімдер қатысты.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы имидж-кездесудің басты қаһарманы – Қайрат Әлімбайұлы Маишев болды.
Кездесу қонақтары еліміздің мақтан етерлік тұлғасының өмірбаяны мен табыс жолы туралы зор қуанышпен тыңдап отырды.
Қайрат Әлімбайұлы сияқты беделді кісілер заманауи, мобильді, бәсекеге қабілетті, өз табыстарына сенетін тұлғалар, олар – өз елінің болашағын қалаушылар.
Имидж – кездесудің салтанатты ашылуында Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» ПКҰО АҚ филиалының директоры Марионелла Васильевна Слесарь сөз сөйледі.
Қайрат Әлімбайұлы өзінің табыс жолындағы биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсаттарға қалай жеткені туралы баяндап берді.
Қайрат Әлімбайұлы:
«Ең бастысы, табыс жолындағы жол өте қиын болады. Ешнәрсе оңайлықпен берілмейді, нәтижеге қол жеткізген уақытта ғана, адамдар еңбегінің жемісін көреді»,-деді.
Кездесу барсында «Жас Қанат – 2006» құс фабрикасы туралы видеофильм көрсетілді. Аталмыш үлкен кәсіпорынның бастығы 1982 жылы басқа да бүлдіршіндер сияқты ең алғаш Таран ауданы Красносельск орта мектебінің табалдырын аттаған.
Тұла бойын тулаған, жүрек түкпіріне дейін жеткен көрсетілімнің бірі бұл – Қайраттың Әлімбайұлының ұстаздары Ольга Ивановна Панина мен Людмила Ивановна Петрухноның жылы лебіздері. Ұстаз – ұлы тұлға, сол ұлы тұлғалар оның бойына ең алғаш туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді дарынтқан ұстаздары.
Қонағымыздың балалық шақтағы мектеп өмірін, мектептің оның өміріндегі мақсатқа жету жолындағы рөлі туралы сынып жетекшісі Виктор Анатольевич Халецкий аса зор қуанышпен еске алып, баяндап берді.
Кездесудің қаһарманы жөнінде айта келе, «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімі» ММ басшысы Айгүл Темірханқызы туған ауданына деген патриоттық сезімінің жоғары екенін қуана-қуана айтты. Қайрат Әлімбайұлы кез келген уақытта өз көмегін аямайтын жан екенін қуанышты сезіммен айтып өтті. Өзінің уақыт тығыздығына қарамастан, Қайрат Әлімбайұлы жас ұрпаққа, Қазақстанның болашағын дамытатын жастарымызға рухани демеу беріп, қолдап жатады. Кешегі түлек, бүгінгі табыскер кәсіпкердің ақыл-кеңестеріне еліміздің жас ұрпағы құлақ асып, назардан тыс қалдырмайды деген ойдамыз.
Кездесудің соңында Қайрат Әлімбайұлы қонақтарға зор денсаулық, мол бақыт, табыстар мен жаңа бастамалар тіледі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане