Жақсы қыз – ата-ана мақтанышы. Ал, Аймереке Көпжасар – ата-анасының ғана емес, ауылының мақтанышы болып табылатын жастардың бірі. Ол осы күнге дейін сапалы білімі, саналы тәртібі және жеткен жетістіктері үшін талай рет марапатталды. Әрине, бұл табыстар оңай келіп жатқан жоқ.
Қыз баланың ақылды да, инабатты, өнерлі де, өнегелі болып толысуына тек мектеп қана емес, ең алдымен, ата-ана, сонымен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екендігін айтпасақ болмас... Аймерекенің еңбекқорлығын, білімге деген талпынысын, өмірге деген қызығушылығын қолдауда Елизаветин ауылы мектебінің қосып отырған үлесі зор.. Оның жетістіктері жалғыз қыздарын аялап-мәпелеп, саналы тәрбие беріп отырған ата-анасына да зор қуаныш десек артық айтқанымыз емес.
10-сынып оқушысы Аймереке Көпжасар бойындағы қыз балаға тән нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау сияқты қасиеттерімен көзге түседі. Аймереке мектептегі сабақтарын үздік оқумен қатар, соңғы бес жыл бойы спортпен шұғылданады екен. Оған қоса, ол өнер жолын қуып жүрген көрінеді. Жанар Дұғалова, Мөлдір Әуелбекова, Алтынай Жорабаева сынды эстрада жұлдыздарының ән айту шеберлігіне тәнті Аймереке бос уақытында вокалмен айналысады. Сонымен қатар, мектепішілік «Қазақ жастары» командасының белсенді қатысушысы болып табылады.
«Адамның бақыты – балада» деген халық даналығы текке айтылмаған. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Ата-ана баласының қай нәрсеге әуес екенін дер кезінде бақылап, оның қызығушылығын дамытуға күш салса, баласы болашақта дұрыс жол таңдайды. Қалай десек те, баланың жетістігі, ең алдымен, ата-анасының қуанышы. «Мен небір шығармашылық сайысқа, спорттық жарысқа немесе олимпиадаға барар алдында анам «ең бастысы – жеңіс емес, қатысу. Сен ешкімнен кем емессің. Мен сені жақсы көремін» дейді. Мені үнемі қолдап, ақыл-кеңесін беретін анашыма да, сынып жетекшім Азиза Қожамбетоваға да ризашылығымды білдіремін», - дей келе, Аймереке барша әйел қауымын, қыздарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтайды.
23.06.2025 15:34
«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби...
19.06.2025 14:47
В Астане начался саммит «Центральная Азия – Китай»В Астане проходит важное международное событие – второй саммит «Центральная Азия – Китай»....
19.06.2025 12:39
Домбыра – қазақ халқының ғасырлардан жеткен рухани мұрасы, ұлттың жанын тербеткен киелі аспап. Ал шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра...
19.06.2025 12:39
11 июня в центре досуга села Красносельское прошел отчетный концерт вокального коллектива «Селяночка», который совпал с его 18-летием. За эти годы...
19.06.2025 12:38
В сферу образования молодой педагог Евгений Степанов пришёл неслучайно.Ещё со школьной скамьи мечтал не просто объяснять, а зажигать интерес, вдохновлять,...
19.06.2025 12:37
В целях реализации государственных программ и акцентирования внимания на точные данные по всей республике стартует Национальная сельскохозяйственная перепись. Национальная сельскохозяйственная...
19.06.2025 12:35
Государственные служащие в Казахстане играют ключевую роль в обеспечении функционирования государства и реализации государственной политики.Они несут ответственность перед обществом и...
19.06.2025 12:34
Зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шыққан мемлекеттік қызметкер – бұл жылдар бойғы еңбектің, адал қызметтің, халыққа деген шынайы жанашырлықтың көрінісі.Мемлекеттік...
19.06.2025 12:33
23 маусым – елімізде Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Бұл күн – қоғам тыныштығын күзетіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларының еңбегіне...
19.06.2025 12:32
В преддверии профессионального праздника - Дня государственного служащего РК - мы продолжаем рассказывать о людях, посвятивших свою жизнь служению народу,...
19.06.2025 12:31
В преддверии профессионального праздника Дня Полиции и прошедшего праздника «Дня ювенальной полиции» следует отметить работу инспекторов полиции, чья работа связана...
19.06.2025 12:30
Поддержать чистоту районного центра – главная задача для всех: руководства района и всех жителей.Продолжаются мероприятия по реализации государственной экологической программе...
19.06.2025 12:26
Маусым айының үшінші жексенбісі – елімізде Әкелер күні ретінде атап өтіледі. Бұл – отбасы ұйытқысы, перзентіне қорған, өмірдің мәні мен...
19.06.2025 12:25
На еженедельной основе с участием акима района Кайсара Муржакупова проходят аппаратные совещания. На прошлой неделе состоялось очередное совещание, на котором...
19.06.2025 12:23
Каждое третье воскресенье июня в Казахстане отмечают День медицинского работника - праздник тех, кто ежедневно стоит на страже здоровья и...
19.06.2025 12:22
Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан направлена на повышение качества образования, модернизацию педагогического образования, обеспечение безопасности и комфорта...
16.06.2025 13:15
Район Беимбета Майлина является приграничным и инвестиционно-привлекательным регионом. Его территория составляет 7,6 тыс. км2, по численности населения район занимает 10...
16.06.2025 13:11
Бейімбет Майлин ауданы шекаралас әрі инвестициялық тұрғыдан тартымды өңір болып табылады. Ауданның аумағы 7,6 мың км², ал халық саны бойынша...