Ауа температурасының көтерілуіне және азаматтардың облыстың су қоймаларында жаппай демалуына байланысты судағы адам өліміне қатысты жазатайым оқиғалардың саны артты.
Аудандық ішкі істер бөлімінің ақпаратына сүйенсек, суға түсу маусымы басталғаннан бері облыстың су айдындарында төрт бала және жасөспірім қайтыс болған. Шілденің он бір күнінің ішінде кәмелетке толмаған үш бала көз жұмған көрінеді. 1-шілдеде Қарасу ауданының Симферополь ауылындағы «Қарасу» өзенінде 2012 жылы дүниеге келген бала суға батып кеткен, 11-шілдеде Жітіқара қаласындағы «Шортанды» өзенінде 2001 жылғы кәмелетке толмаған бала суға кеткен.
Адамдардың менменділігі, суда жүзе алмауы, тағайындалмаған орындарда алкогольді сусындарды тұтынуы олардың су қоймаларында қаза болуына әкеп соқтырады. Сонымен қатар, балалардың су айдындарында ата-аналарының қарауынсыз болуы да қайғылы жағдаймен аяқталады. Осыған орай, жазатайым фактілерді болдырмау және олардың алдын алу мақсатымен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері әкімдік, білім беру, денсаулық сақтау, төтенше жағдай және басқа да мекеме өкілдерімен кездесу жүргізіп, адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша бірлескен іс-шара жоспарын белгілеуде. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлерімен бірге азаматтардың жаппай демалу орындарында ескерту-алдын алу және насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, тұрғындарға жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін арнайы бүктемелер мен жаднамалар таратуда.
Ал, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің осы аптадағы аналитикалық мәліметіне сүйенсек, биыл облыс аумағында он екі төтенше жағдай орын алған, өкінішке орай, он екі адам суға батып кеткен, олардың алтауы балалар және жасөспірімдер. Былтырғы жылдың ұқсас кезеңінде тіркелген жеті төтенше жағдайдың нәтижесінде жеті адам қайтыс болды, олардың үшеуі әлі бала еді. Өзіңіз байқағаныңыздай, су қоймаларында суға бату жағдайлары артқан. Бір айдың ішінде ауданымызға қарасты Апановка, Мақсұт ауылдарындағы су айдындарында екі баланың көз жұмғаны көңілге қаяу түсіреді.
08.08.2025 10:51
Құрылысшы күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар...
07.08.2025 09:59
Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл в Туркменистан для участия в работе Третьей конференции ООН по развивающимся странам, не имеющим выхода к...
07.08.2025 09:39
В календаре событий и праздничных дат отмечена одна из значимых – 85-летие центральной больницы района Беимбета Майлина. В честь данного...
07.08.2025 09:38
Конкурс профессионального мастерства в АО «Варваринское» состоялся в преддверии праздника – Дня работников транспорта. Специалисты показали высокий уровень и теоретических...
07.08.2025 09:36
31 июля на базе Николаевской основной средней школы прошел турнир по мини-футболу, посвященный 100-летию со дня рождения отличника просвещения Казахстана...
07.08.2025 08:53
5 августа наш район с рабочим визитом прибыла комиссия партийного контроля Костанайского областного филиала партии «AMANAT». Проверка касалась объектов, строительство...
07.08.2025 07:46
- ҰБТ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Бейімбет Майлин ауданының ауылдық округтерінде тұрақты...
07.08.2025 07:42
Тобыл ауылында жаңа су тазарту жүйесі салынып жатыр!Қостанай облысы әкімінің тапсырмасы аясында Бейімбет Майлин ауданында келесі жоба жүзеге асырылуда:«Тобыл ауылының...
06.08.2025 09:54
Қостанай облысында 2025 жылғы егін жинау науқанына дайындық пысықталды.- Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының тірегі. Сондықтан барлық жұмыстар алдын ала...
01.08.2025 07:41
В целях популяризации национальных семейных ценностей и укрепления института семьи в областном центре состоялся семейный конкурс «Семейный марафон в этно...
01.08.2025 07:40
В селе Асенкритовка Асенкритовского сельского округа уже более 30 лет трудится фельдшер с огромным сердцем и неоценимым опытом - Кударова...
01.08.2025 07:38
Қазақ жерінде теміржолдың тартылғанына бір ғасырдан асты.Осы аралықта бұл сала елдің экономикалық дамуымен қатар, халықтың тұрмысын жақсартуға да сүбелі үлес...
01.08.2025 07:37
В Казахстане День железнодорожника отмечается в первое воскресенье августа.Это профессиональный праздник, который объединяет работников железнодорожного транспорта и является официальным праздником...
01.08.2025 07:36
Теміржол – мемлекеттің күре тамыры, экономиканың қозғаушы күші.Осы жолда талмай еңбек етіп жүрген теміржолшылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Жыл сайын...
01.08.2025 07:35
Тобыл кентіндегі «Думан» Мәдениет үйінде «Ұлт үні – рухтың сарыны» атты рухани ұлттық нақыштағы Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, ағартушы, –...
01.08.2025 07:34
О том, какие изменения произошли в энергосетях района за последние два года, как идет обновление и кто сегодня работает в...
30.07.2025 12:59
В рамках Года Рабочих профессий, продолжаем знакомить с успешными людьми района Беимбета Майлина: Бондарев Евгений Александрович, дежурный электрослесарь по ремонту...
28.07.2025 10:21
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының Интернет-порталы (бұдан әрі-Портал) мына мекенжай бойынша қолжетімді qamqor.gov.kz. Мұнда Сіз полицияға арыз бере...