Тамыздың 30-ы күні Е.Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Қуандық Испергеновтың төрағалығымен ауданның, Таран ауылдық округінің және Таран ауылының атауын өзгерту жайын талқылаған жиын өтті.
Жексенбі күні сағат 11.00-де басталған жиынды ашқан аудан әкімі Қуандық Хайдарұлы халықтың Таран ауданының атауын Бейімбет Майлин ауданына қайта өзгерту мәселесі бойынша жиналғанын тілге тиек етіп, көпшілік тыңдалым түріндегі тұрақты депутаттық комиссияның бірлескен отырысын жүргізу үшін сөз кезегін Наталья Рудневаға берді. Наталья Дмитриевнаның айтуынша, мәслихатқа аудан әкімінен аудан жұртшылығының өкілдерінің бастамашылық етуімен аудан атауын қайта өзгерту мәселесі бойынша өтініші түсті. Аталған өтініш алдын ала аудандық мәслихаттың тұрақты депутаттық комиссиясының бірлескен отырысында қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша «Таран ауданын қайта өзгерту мәселесі бойынша қоғамдық пікірді зерттеу» тақырыбында көпшілік тыңдалымды ұйымдастыру туралы қаулы қабылданды. Мәслихаттың реттемесіне сәйкес көпшілік тыңдалымның өткізілуі жайлы ақпарат жұртшылыққа жеткізілді.
Өз ойын ортаға салып, пікірін білдіргісі келетіндерге де сөз берілді. Мінбеге алғаш шыққан, сонау Алматыдан арнайы келген Б.Майлин атындағы қордың директоры Жұмабек Табын: «Армысыздар, қадірлі Би-ағаның елі, жерлестері! Мен жеке өз басым Таран туралы жаман пікірде емеспін. Әр нәрсе өзі кезең-кезеңімен келеді, әр нәрсенің өзінің өмір сүретін уақыты болады. Мені мынау мінбеге сүйреп алып шыққан Би-ағаның аруағы. Қазақта, жазушылар одағының бастауында «үш бәйтерек» деп аталып кеткен С.Сейфулин, І.Жансүгіров, Б.Майлин тұрады. Ал, енді, ағайындар, сіздердің бауырларыңыз, сіздердің туған жеріңізден шыққан Би-ағаның жеті адамның тіршілігін жасап жүргеніне бәріміздің қабырғамыз қайысады. С.Сейфулин атындағы қаланың, университеттің аты бар, І.Жансүгіровтың атындағы ауданның, университеттің аты бар, Бейімбеттің атында аудан, университеттердің аттары жоқ. Айналайын, халқым, Би-ағаның да өзінің мінбеге шығатын күні келді. Бейімбеттің атына ауданның аты берілсе, Таран атамыздың аруағы риза болар», - дей келе, осы күнге дейін Бейімбет Майлиннің мерейтойларын атап өту аясында біраз іс-шаралар атқарылғанымен, осы сұрақтың жауапсыз күйінде қала бергенін тілге тиек етті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Овчарова да, өзге ұлттың өкілдері болғанына қарамастан, сөз сөйлеген ауылдық округтердің ақсақалдары мен жастар қауымы да Бейімбет Майлиннің кіндік қаны тамған жерінде туғанымызды мақтан ете отырып, ел-жұртты аталмыш ұсынысты қолдауға шақырды.
«Өздеріңіз де білесіздер, кеңес социалистік республикалық одағы бүгінде жоқ. Бірақ, дербес мемлекет болып кеткен елдер ономастика мәселесіне өздігінше қарайды. Бұл тұрғыда көптеген елдерде қалалардың, ауылдардың, көшелердің, нысандардың тарихи атауларын қайтару процесі жүргізілуде. Бізде әлі де бұрыннан бері жоқ және жаңа Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне еш қатысы жоқ атаулар кездеседі», - деген қостанайлық ғалым, профессор Қалқаман Жақып бұл процестің орыс тіліне, орыс мәдениетіне қарсы күрес емес екендігін атап өтті. Ол түрлі нысандардың қазақ тіліне емес, мемлекеттік тілге қайта өзгертіліп жатқанын да алға тартты. Жасыратыны жоқ, өкінішке орай, журналистер де, кейбір ғалымдар да қазақ атаулары өзгертілуде деген қате пікірді ұстануда. Бейімбет Майлинннің немересі Дәмен Сейтжанова да осы жиынға арнайы келген соң, Би-ағаның өміріне қысқаша шолу жасады. Нәтижесінде көпшілік тыңдалымның аясында аудандық мәслихаттың депутаттары барлық ой-пікірлерді тыңдай келе, бірауыздан ауданның атауын қайта өзгерту бастамасын қолдады.
Тыңдалымның күн тәртібіндегі Таран ауылын Әйет ауылы, Таран ауылдық округін Әйет ауылдық округі атауына өзгерту мәселелері де қызу талқыға салынды. Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, профессор, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Ақылбек Шаяхмет «Әйет» сөзінің мағынасын ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, өз ойын ашық, әрі қарапайым тілмен жеткізе білді. Залда аталмыш мәселеге қатысты түрлі пікірлер айтылды. Намысты қолдан бермей, Әйет атауына қайта өзгертілуін қолдағандар да, керісінше, қолдамай, қарсы шыққандар да болды. Аудан орталығын және Таран ауылдық округін қайта өзгерту шешімін жергілікті қауымдастық жиналысының мүшелері қабылдағандықтан, олардың дауыс беру нәтижесінде аталған бастама да қолдау тапты.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...