Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, Атамекенді қорғау – қасиетті борыш.
Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
Қазақстан Республикасы Конституциясындағы маңызды міндеттердің бірі – Отан алдындағы борышты өтеу. Қазіргі таңда әскери бөлімшелер Отанға адал қызмет етемін, өз еркімен әскерге барамын деген жастардың қатары артуда. Жаңа киімдермен, жаңа әскери техникалармен қамтамасыз етілді. Жылы казармалар, спортпен шұғылдануға, демалыс күндерін тиімді өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған.
– Алға қойған арманым көп. Еліміздегі кез келген азаматтың Отан алдындағы борышын өтеу – қасиетті парызы саналады. Мен 2023 жылдың 26 сәуірінде әскерге алындым. 2024 жылдың сәуір айына дейін Қарағанды қаласы Спасск кентінде құрлық әскерлері оқу полигонында әскер қатарында болдым.- деп бастады жас сарбаз Назаренко Владислав Иванович. -Әскери өмірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Әскер – ер жігітті шыңдайды, шыдамдылыққа үйретеді. Отансүйгіштікке баулып, елді-жерді қорғауға машықтандырады. Тәртіп пен тазалық ең басты орында. Өзіңнің киімің мен төсек-орныңның тазалығына мұқият болуың шарт. Әскерге барған ер жігіт рухани жағынан үлкен дайындықпен баруы керек. Маған әскер темірдей төзім мен сарқылмас сабырлылықты дарытты. Туған үйден жырақта жүргенде ата-ана мен бауырға деген махаббатты, сыйластық пен сағынышты арттырды. Әскер қандай қиындық болса да табанды болуды, шыншыл, намысшыл болуды үйретеді. Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған, ниетті барша ер-азаматтарды әскери қызметті өтеп қайтуға шақырамын.
Адамның қолынан келмейтін іс жоқ. Тек ниет болса болғаны. Ер жігіт өзін кез келген сынақта сынап, парыз болып саналатын міндеттерді орындауға тиіс. Еліміздің тыныштығы, береке-бірлігі Қарулы күштердің қорғауында. Қазақ әскерінде борышыңды орындау – ер жігіттің ерік-жігерін, күш-қайратын, ақыл-парасатын сынға салатын кезең. Әскердегі бір жылдық мерзімді абыроймен өткізіп, міндеттерін атқарып, отбасына аман-есен оралу – әр жігіттің борышы. Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Биік рухты, өр мінезді, білімді де білікті азаматтарымыз көп болсын.
24.04.2026 13:10

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты * - Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29...
24.04.2026 08:33

Қостанай облысы әкімі тапсырмалары аясында елді мекендерді абаттандыру мәселелері бойынша, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Беимбет Майлин...
24.04.2026 08:30

В рамках поручений акима Костанайской области по вопросам благоустройства населенных пунктов, а также в рамках реализации республиканской программы «Таза Қазақстан»...
23.04.2026 12:29

20 апреля в районном Доме культуры имени Е. Умурзакова прошел XXXVIII областной фестиваль-конкурс самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!». В...
23.04.2026 12:28

Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әмина Жетписова «Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумында зор жетістікке жетіп, аудан...
23.04.2026 12:27

Послание Главы государства народу страны является стратегическим ориентиром для всех уровней власти и общества. Его ключевые положения находят отражение в...
23.04.2026 12:26

В столице Казахстана, городе Астана, на площадке Международного выставочного центра «EXPO» с 8 по 10 апреля прошла престижная международная выставка...
23.04.2026 12:25

Қостанай қаласында 10–11 сынып білім алушылары арасында математика пәнінен «Алтын түлек» республикалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Білім додасына облыстың әр мектептерінен жиналған...
23.04.2026 12:24

Тоғызқұмалақтан 9–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық Ұлттық мектеп лигасы өз мәресіне жетті. Еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан жиналған...
23.04.2026 12:21

В районном центре прошёл масштабный субботник в рамках реализации поручений Главы государства и республиканской экологической программы «Таза Казақстан». Сотрудники государственных...
23.04.2026 12:20

Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Әсіресе қазақ мектептерінің рөлі ерекше. Өйткені қазақ...
23.04.2026 12:18

В районном краеведческом музее им. Б. Майлина состоялось открытие выставки-экспозиции «Жизнь, отданная службе», посвященной нашему земляку, ветерану органов прокуратуры Бахчану...
23.04.2026 12:17

История района Беимбета Майлина складывается из судеб людей, которые здесь родились, выросли и трудились. Среди них Надежда Ивановна Сенчева, чья...
23.04.2026 12:16

Каждый год 23 апреля в Казахстане отмечается особый праздник - Национальный день книги. Эта дата объединяет всех, кто ценит слово,...
23.04.2026 12:15

2026 год в Республике Казахстан объявлен Годом добровольца, что подчеркивает значимость волонтерского движения на уровне государства. Эта инициатива направлена на...
23.04.2026 12:14

17 сәуір күні Май мектебінің базасында 5–11 сынып оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқудан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық...
23.04.2026 09:41

Поздравляю всех соотечественников с Национальным днем книги! В современную эпоху книжное дело переживает масштабную трансформацию, но книги по-прежнему остаются надежным...
22.04.2026 08:52

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің...